Тәуелсіздіктің құрдастары: “Ел тағдыры – ер тағдыры”

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы елорданың білім беру ұйымдарымен бірлесіп, елордалық әкелер кеңесімен бірлесіп, «Ел тағдыры – ер тағдыры» video – stories қашықтық форматында өтетін ауқымды қалалық жобаны іске қосып отыр. Жобаның мақсаты – қоғамдық пайдалы шаралар бойынша шығармашылық шыңдауды таныту арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға және халықты азаматтық әрі патриоттық тәрбиеге бағытталған бірыңғай мәдени, ақпараттық қалалық кеңістікті қалыптастыру.

Міндеттері: өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының айтулы тарихи күндерін құрметтеуге, тарихи мұраны сақтауға тәрбиелеу; қала тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру; рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиені жаңғырту; өз халқы мен елінің жетістіктерін мақтан тұтуға және құрметтеуге тәрбиелеу; бірлескен отбасылық шығармашылықты насихаттау; өз елі мен халқы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; отбасылық тәрбие үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға көбірек әкелерді тарту.

Жоба үш кезеңнен тұрады: елорда әкелер кеңесінің қолдауымен ел тәуелсіздігінің құрдастары арасындағы «Ел тағдыры – ер тағдыры» video – stories жобасының басталуы. Ұйымдастыру комитеті келіп түскен бейнероликтерді М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында жариялайды; ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына (dvorecutemisova@mail.ru) бейнероликтер мен қатысуға өтінімдер қабылдау ақпан айының 16-ынан бастап наурыздың біріне дейін; білім беру ұйымдарының ұжымдарын қатысқаны үшін грамоталармен марапаттау.

Жобаға тәуелсіздіктің құрдастары саналатын төмендегі ел азаматтары жолдама алды. Әлібек Абдилов – ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы; Ысқақ Ұлан – ШҚО, Абыралы өңірі, Қайнар ауылындағы мәдениет үйінің режиссері; Нығмет Аманжол – Ақмола облысы, Қоянды ауылының дәрігері, алғашқы көмей насихаттаушы; Татимбетов Сұлтан – жас жеке кәсіпкер; Ермекбаев Нұрбек – Aru Cinema кинотеатрінің әкімшілік қызметкері. Тәуелсіздік әр жастың тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына негіз болып, ертеңгі күнге, болашаққа сенім береді.

Тәуелсіздік құрдастары тек қажырлы еңбек арқасында жетістікке жетуге болады деген пікірде. Дәл осылай қажырлы, талмас еңбек арқылы Қазақстан жылдар бойы дамып келеді. Қазақстан тәуелсіздігінің құрдастары болған ер азаматтар елі үшін асқақ мақсаттарын орныдауға ұмтылған мықты, еңсесі биік мемлекеттің бейнесі!

Айнұр Бақытқызы АЛПЫСБАЙ,
Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар
сарайының методисті, Нұр-Сұлтан қаласы