Адалдық – адам бойындағы таза қасиет

Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы данышпан Абай атамыз: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», – дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, бойына тумадан біткен қасиетіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсаты мен мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер болып саналады.

Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза, адал ұстауға ұмтылады. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет. Адалдық – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы.

Қазақ ұғымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады. Біздің білім ордасындағы 5-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті», «Сыбайлас жемқорлықтан сақтан», «Жемқорлық- күрделі әлеуметтік мәселе» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Басты мақсат – сыбайластық пен жемқорлықтың себебі мен салдарын терең түсіндіріп, құқықтық сауаттылықққа қоса адалдық түсінігін ұғындыру. Заңсыз әрекеттердің соңы жазаға соқтыратындығын айтып, қоғамдағы теріс құбылыстардан барынша сақтандыру. Дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Тәуелсіз еліміздің жан-жақты ілгері дамуына азаматтық үлесін қосу жолындағы жауапкершіліктері мен міндеттерін түсіндіру. 

Кәмшат АБАТОВА,
№108 ЖББМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласының Жетісу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий