Азаттықтан айрылмайық!
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Азаттық пен еркіндіктің таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдыретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі отыз жылдың ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдында дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылғы желтоқсан айының 16-ы күнгі құқықтық құжаттың қабылдануынан кейін еліміздің саяси және экономикалық ілгері дамуын айқындаумен қатар жаңаша әрі дербес жүргізетін мемлекет басшысы сайланып, салт пен дәстүр, мәдениет пен тарихтың көмескіленген тұстары қайта қалпына келтірілді.

Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухымен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Қазақ елінің өз алдында ұлттық республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерең еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секелді көптеген құндылықтарға келіп тірелді.
Аталған құндылықтарды отыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз жаңа астанасын әлем жұртшылығына танытты. Тіпті бүгінде елордасы арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты. Тәуелсіз елдің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таныта білді.
Қаланың аспанмен теңесе салынған биік ғимараттары мен халықтың қолданысы үшін әрқилы ойын-сауықтық кешендер барлығы қала әсемдігіне көрік қосып тұр. Қазақстанның әсем мекені, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды. Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау.
Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта “Отансыз адам ормансыз бұлбұл”- деген сөз бар. “Орманы жоқ құстың ұясыда, қонар бұтағы да жоқ”. Дәл сол секілді тіршілік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.
Индира Жумагалиевна ТЛЕКЕЕВА,
№108 жалпы білім беретін мектептің
3 “г” сынып жетекшісі, Алматы қаласы