Білім басқармасы басшысының баспасөз брифингінде пәндік олимпиадаға қатысу жайы сараланды

Ақпан айының 8-12 күндері республикалық пәндік олимпиаданың  аудандық, қалалық кезеңі ұйымдастырылды. Олимпиадаға қатысушы үміткерлер жаратылыстану математика, қоғамдық гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша бақ сынаған болатын. Білім бәсекесінде 7 аудан мен Қызылорда қаласынан 4819 оқушы қатысып, 1231 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды 196 бала, ІІ орынды 368 бала, ІІІ орынды 664 бала алды, – деп хабарлайды Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Көпткен күткеніміздей енді міне олимпиаданың облыстық кезеңі бастау алды. Білім сынағы «Абай» атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар мектеп базасында өтеді. Олимпиадада аудандық және қалалық кезеңде жеңімпаз атанған оқушылар бақ сынайды. Барлығы 299 оқушы облыстық кезеңге қатысады. Бұрынғыдай емес, облыстық кезең бір күнде ұйымдастырылмайды. Шоғырлануға жол бермеу мақсатында күндерге бөлініс жасалды. Сондай-ақ ата-аналардың олимпиада өтетін база жанында жиналуына тыйым салынады, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Барлығы алты аудитория қамтылған. Яғни бір күнде 54 бала сынақ тапсырады. Олимпиада ақпанның 27-іне дейін созылады.  Олимпиада күніне екі пәннен өткізіледі. Мәселен, бүгін оқушылар биология, химия пәндерінен сынақ басталды. Ертең физика, география пәндерінен өтеді. Олимпиада тапсырмалары ro.daryn.kz сайтында орналастырылады. Сайттағы тапсырмаларға қол жеткізу үшін республикалық «Дарын»  орталығынан берілген код және сілтемелер арқылы Олимпиада басталғанға дейін 10 минут бұрын тапсырмаларды жүктеп алып, қатысушылардың санына қарай көбейтіледі.

Олимпиада аяқталғаннан кейін бейнекамера орнатылған аудиторияда қатысушылардың жұмыстары екі сағат ішінде PDF форматында (информатикадан басқа) жүктеледі. Олимпиаданың тапсырма түрі: Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша екі тур болады. Тест тапсырмалары; эксперименттік тур бойынша  жазбаша түрде беріледі; қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бір турдан тұрады; эссе және шет тілдері бойынша – лексика-грамматикалық тесттер, хат және аудижазба беріледі. Тапсырмалар мен олардың дұрыс шешімдері тур өткізілгеннен кейінгі сол күні сағат 21.00-де «Дарын» РҒПО ro.daryn.kz сайтында жарияланады.

Сыр өңірінің бас ұстазы мәлімдегендей, олимпиада ашық жүруі үшін барлық іс-әрекет бейнебақылау тетігі арқылы қатаң қадағаланбақ және сараптама жасау мақсатында арнайы таспаға жазылып алынады. Сынақ барысында балалардың тиым салынған гаджеттерді пайдалануына жол берілмейді. Конкурс ашық түрде іске асады. Қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасына алдын ала шифрланған түрде беріледі. Яғни оқушылардың жұмыстары сканерленген түрде Google Disk жүйесінде уақытылы жүктеліп отырады. Сақтық шараларын орындау. Аудиторияларда арақашықтық сақталып, 15 оқушыдан отырғызылады. Балалар  бетперде режимде сынақ тапсырады. Олимпиада екі лекте өткізіледі. Сонымен қатар, олимпиадаға  кіргізу және олипиада өткізу кезінде қатысушылар арасындағы 2 метрден кем емес қашықтық нормалары сақталады.

Олимпиаданың техникалық жабдықталуы: олимпиаданы өткізу барысында барлық аудиторияларда бейнебақылау жүйесін іске қосылады. Бір аудиторияда екі бейнебақылау орнатылған. Штаб және әділ-қазылар жұмыс орны,аудиторияда олимпиадаға қатысушылардың міндетті түрде көрініп тұруы бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі. Әрбір ата-ана олимпиада барысын бақылай алады. Үздіктердің үздігі республикалық пәндік олимпиада жолдама алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий