Павлодар – НЗМ: АҚШ пен Қытай және Оңтүстік Кореяның үздік университеттері түлектерімізді күтуде

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Тұрлыхан Тоқтағанов АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Hofstra университетінен шақырту алды, ал Тания Тлеубаеваны бірден екі жоғары оқу орны Yonsei (Оңтүстік Корея) мен Шанхайдағы Нью-Йорк университеттері күтуде, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Университтер тізімін талдау барысында мені Hofstra University ерекше қызықтырды, себебі университет IT және киберқауіпсіздік бойынша үздік бағдарламаларға ие. Мұнымен қоса, білім ордасының тарихы да ой саларлық: дәл осы университет қабырғасында АҚШ президенттігіне үміткерлер өздерінің ақтық пікірсайыстарын өткізген. Hofstra-дағы студенттік өмір де алуантүрлі, – дейді Тұрлыхан Тоқтағанов.

Американдық университеттің қабылдау комиссиясының мүшелері Тұрлыхан академиялық және шығармашылық жетістерінің нәтижесінде көптеген бәсекеге қабілетті талапкерлерден оқ бойы озық тұрғанын атап өткен. Егер ол Hofstra University-ге оқуға түсуге шешім қабылдаса, оған жыл сайын $25.000 көлемінде шәкіртақы төленетін болады.

Ал Танияға оралатын болсақ, зияткерге бірден екі университеттен шақырту алуға, жас та болса талапты өреннің қызметтік тізімі көмегін тигізген, ол – БҰҰ, ЮНЕСКО клубтарының көшбасшысы, ағылшын тілінен олимпада қатысушысы, актерлік шеберлікпен, заманауи билермен айналысуға да уақыт тауып жүр.

– Мені аталған ЖОО-ларға құжат тапсырғанда бір жыл білім алғаннан кейін ғана мамандық таңдауға болатын Liberal Arts бағдарламасының болуы қызықтырды. Өзімді әртүрлі бағытта сынап, қай мамандықтың маған нақты лайық екенін түсінуіме мүмкіндігім бар, – дейді Тания.

NUY Shanghai – алғашқы қытай-американдық зерттеу университеті және Нью-Йорк университетінің кампусы. Yonsei университеті Сеулде орналасқан, жеке зерттеу университеті болып табылады. Сонымен қатар, елдегі ең беделді білім ордалары саналатын SKY-дың үш университетінің (Сеул Ұлттық университеті, Корё, Ёнсе) бірі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий