Салауаттық – денсаулық кепілі

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық – денсаулық. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың барша отандастарымызға арнаған Жолдауында салауатты өмір салтын мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы.

Ұлы ойшыл Әбу Наср Әл-Фараби: «Адам денесінің жетілуі – оның саулығы, егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек», – деген. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге білім беру саласының негізгі мақсаты.

Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым – қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектеп оқушыларының түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын келешегі – өзіндік өмір өрнегін жасай алатын, өзіндік даму арнасын белгілеп, өмірдің қиыр көкжиегіне батыл қадам басатын бүгінгі бәсекенің қатал заңына икемді, дені сау ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосайық.  

Азамат Айдарұлы КАНАБЕКОВ,
№108 жалпы білім беретін мектептің
дене шынықтыру пәні мұғалімі,
Алматы қаласының Жетісу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий