Кітап оқысаң, сыйлыққа – велосипед!

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданына қарасты Приречный орта мектебінде тамаша жоба жүзеге асуда, – деп хабарлайды аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі. «Бір күн кітаппен!» жобасы аясында бастауыш сыныптағы бүлдіршіндер  ертегі оқып, орта буын оқушылары қазақтың классиктері – Абай Құнанбаев, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев шығармаларымен жақын танысуда.

Былтыр  қарашада басталған шара  биыл аудандық деңгейде жүріп жатқан  «Оқуға құштар мектеп» жобасымен жалғасын тапқан. Балалардың сауаттылығын арттырып, рухани дамуын, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған жобаны педагогикалық ұжым ұйымдастырып отыр. Жеңімпазға  беретін бас жүлде дайын. Жоба   шеңберінде бастауыш сынып оқушылары  арасында «Ертегілер әлемінде»-«В гостях у сказки»  сайысы өткізілген. Ертегі айтып жарысқан балалардың ішінде он бес ертегі оқыған Мөлдір Сағынғалиеваға тең келер қарсылас болмаған. Ильнара Нарықова 11 ертегімен, Кристина Косенко тоғыз ертегімен, Мансұр Есіркеп пен Әділет Жайлаубаев жеті ертегімен кітап арқылы танысқан. 

Мектептегі орта буын сыныптарындағы оқушылар үзілісте жиналып кітап оқиды. Ал, жоғары сыныптардағылар өздері оқып шыққан туындылар бойынша эссе, шығармалар жазады,- дейді жоба жетекшісі, кітапханашы Алтын Бакисова. «Бір күн кітаппен!» жобасы наурыз айында өз мәресіне жетеді. Жобаның бас жүлдесі – су жаңа велосипед мектеп дәлізінде жеңімпазды күтіп тұр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий