Жас ақындар айтысының жеңімпаздары

Қалалық бiлiм берудегі жаңа технологиялардың ғылыми – әдiстемелiк орталығы ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр – айтысты жандандыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының 5-11 – сынып оқушылары арасында “Айтыс – сөздің майданы” тақырыбымен қалалық жас ақындар айтысын ұйымдастырылды.

Топ алдында қолма – қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысында Алматы қаласы Алатау ауданы 1-шi Ұлжан ықшам ауданындағы 152 мектеп – гимназиядан дүлдүл шығып, II орынды иеленген 8 сынып оқушысы, жас ақын – айтыскер Сансызбек Қасиет өзiнiң суырып салмалық қабiлетiнiң қалыптасып келе жатқан қырымен танылды. Аудандық сынға түсiп, сынала жүрiп, шыңдалып келген жас дарынның бойынан айтыс жанрының қыр – сырын игерудегі талпынысы көпшілікті қуантып, болашағының зор екендігіне сенiм ұялатты.

Қазақтың қара домбырасын қолға алып, арқаланған сүйкiмдi жас ақынымыздың айтыс жанрындағы жұлдызды сәттері көп болсын! “Бақ шаба ма, бап шаба ма?” – демекші, Қасиеттiң есiмiне сай қастерленiп, қалалық айтыстан бағы жанса, әдеби оқулар, батырлар жыры, көркемсөз шеберлерін дайындап, шешендік өнердің шиырларын меңгерте бiлген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер мұғалімі Сүлейменова Фарида Нүсібәлiқызындай дарынды тани бiлетiн қырағылығымен ерекшеленетін ұстаздың баптауына түсiп, бағы да жануда.

Айтыс терең таным мен бiлiмдi қажет ететін қырағы көз бен, қисынды сөздiң туындысы болса, осы жолды таңдаған жас ақвн Қасиет пен шебер бапкер Фарида Нүсібәлiқызының айтыс алаңына шыққан алғашқы қадамдары құтты болсын! Жас айтыскер, сүйкiмдi Қасиетке халық ықыласына бөленген ерке қызы атанып, арқалы ақындарымыздың қатарынан орын алсын деген тiлектестiгiмiздi бiлдiремiз!

Назира Әлмаханқызы ЖАҚЫПБЕКОВА,
Панар Молдаханқызы САТАНБЕКОВА,
№152 мектеп- гимназияның оқу- тәрбие,
әдicтемелiк орынбасарлары, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий