Жер кадастры: Білім беру бағдарламасын жаңарту ерекшеліктері

Кадастрлық қызмет – Қазақстан Республикасының шегінде кадастрлық мүліктік сипаттамалар бойынша мәліметтер мен деректерді топтау. Әрбір учаске, әрбір жылжымайтын мүлік объектісі аумақтық тиесілігін және жер кадастрдың басты функциясын көрсететін сандық мәндерді қамтитын өзінің бірегей сәйкестендіргішіне ие – бұл деректерді жинау және сақтау, сондай-ақ мүліктік құқық объектілері бойынша жария мәліметтерді ұсыну.

Сенімді жер кадастрлық ақпарат қала деңгейінде неғұрлым тиімді шешімдер қабылдауға, сондай-ақ жер және жылжымайтын мүлік нарығына ықпал етуге, жермен жасалатын операциялардың сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. “6В07307-Жер кадастры” білім беру бағдарламасының миссиясы кадастрлық сала мамандарының біліктілігін арттыру үшін білім беру қызметтерінің сапа деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламасы кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін зерттеу, жобалау және ұйымдастыру-технологиялық және өндірістік-басқару, есептеу-жобалау, эксперименталды-іздестіру түрлерін орындау дағдылары болуы тиіс кадастрлық және бағалау қызметінің мамандарын даярлауға бағытталған. 

“6В07307-Жер кадастры” білім беру бағдарламасының пайымдауы: аймақтың кадастрлық саласын тиімді жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламасының түлектері: ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің, МемжерҒӨО және оның аудандық және облыстық кадастрлық филиалдарында, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың комитеттері мен бөлімдерінде маман кадастршы, геодезист, картограф, жер инспекторы ретінде жұмыс істейді.

Мақсаты: кадастр саласында толыққанды және сапалы кәсіби білімі бар Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік деңгейлерін, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту үшін жоғары дәрежелі мамандарды даярлау, аймақтағы кадрлар қатарын, гуманитарлық мәдениетке, этикалық және құқықтық нормаларға ие, адамға, қоғамға, қоршаған ортаға, ойлау мәдениетіне және ғылыми негізде өзінің еңбек қызметін ұйымдастыра білуін реттейтін мамандармен толықтыру, Маңғыстау облысы мен жалпы республика дамуына үлес қосатын жаңа білім алу міндеті.

“6В07307-Жер кадастры” білім беру бағдарламасы базалық құндылықтар ретінде ойлау мәдениетін, жазбаша және ауызша шешу қабілетін, өз ойын дұрыс баяндау, аймақтық үдерістер мен мәселелерді талдау және бағалау, патриотизм деңгейін анықтайды. “6В07307-Жер кадастры” білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың нәтижесі елдің заңнамаларын, дәстүрлерін, мәдениеті мен әдебиеттерін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, патриотизм рухында тәрбиелеу; түлектердің жалпы мәдени құзыретін қалыптастыру болып табылады.

Yessenov University аймақтағы осы білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Болашақта кадастрдың перспективалық жағының бірі ArcGIS және MapInfo бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс тәжірибесі бар маман болады. Жалпы білім беретін пәндерден басқа бітіруші Заңтану, бағдарламалау дағдыларын меңгеруі керек. Ол өз көзқарасын заңды тұрғыдан қорғай білуі керек.

Балжан Сырлыбайқызы АҚМУРЗАЕВА,
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар
және инжиниринг университетінің оқытушысы,
магистр, Манғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий