Кітап-қазына: Оқуға құштар мектеппіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 21 қазандағы ІҮ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасы бойынша  «Кітап оқуға құштар мектеп »жобасын іске асыру мақсатында Павлодар облысы Екібастұз қалалық мектеп кітапханаларында іс шаралар жүргізілуде. «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында өз орнын тауып келеді.

Бұл жаңа жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. 2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына -30 кітап» рухани- мәдени акциясы ұсынылып отыр. Екібастұз мектеп кітапханалары мәдени мекемелермен өзара іс-қимыл және әлеуметтік әріптестік тәсілдерін қолдануда.

№9,11,12,18,22,23,36 қала мектептері мен №3 Екібастұз қалалық кітапхана-коворкинг орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай  «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты қалалық онлайн поэзия кеші ұйымдастырылды. Ақынның өмірбаяны мен  шығармашылығын таныстыратын бейнежазба ұсынылды. Мектеп оқушылары қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын М.Мақатаевтың  өздеріне ұнайтын өлеңдерін жатқа оқыған бейне жазбалары тыңдалды. Белсенділікпен қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Бағлан Жеңісхановна ОҚАШЕВА, С.Торайғыров атындағы №22 мектеп гимназияның кітапхана меңгерушісі, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий