Мұғалім тәжірибесі: Қашықтан оқытудың мүмкіндіктері

Қазіргі уақытта мектепте қашықтан оқытуда синхронды (ZOOM, Teams, Coogle Meet) және асинхронды (BilimLand,  Kundelik kz, Darin online) форматтар арқылы сабақтар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда.  Осыған сәйкес сан қырлы, әрі, күрделі мәселелерді шешу арқылы оқушылардың метатанымын арттыруда, өзіндік реттелуінде мұғалімнің жүйелі жұмыс жасауы бірінші кезектегі мәселе. Біз өз тәжірибемізбен бөлісе отырып, төмендегі қадамдарды ұсындық. 

Бірінші әрине дайындық кезеңі. Ең алдымен, сіз оқушылардың қашықтан оқытудың сыныптағыдай маңызды екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ, сіздің араңызда қашықтық болады, оқушылардың материалды өз бетінше зерделеуіне көз жеткізіңіз, бақылау олардың онлайн тапсырмаларын бағалау арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларға материалды  игеруге және тапсырмаларды орындауға арналған уақытты нақты анықтаңыз. Сізден басқа да  сабақтары  бар екенін ұмытпаңыз,  оқушыларға оқу материалдарын көп етіп жүктемеуге тырысыңыз. Қашықтан оқытуда мұғалімнің  дауыс мәнері, бейнесабақтарда бет-жүзіңіздің анық болуы, артқы фон (бөлмеңізде артық заттың болмауын) дұрыс болуын қадағалау керек.

Екіншіден – оқу платформасын таңдау. Бұл өте маңызды сәт. Материалды игеру сапасы білім мазмұны бар платформаға байланысты. Оқушыларға тақырыпқа қатысты әртүрлі интернет-ресурстарға сілтемелер жасай аласыз. Сонымен қатар мәтіндер мен тест формаларын өзіңіз жасай аласыз. Егер сіз оқушыларды экранға жинай отырып, онлайн режимде сабақ өткізгіңіз келсе, онлайн-веб-жүйелерді немесе онлайн журнал функциясын пайдаланып, жұмыс үстелін көрсетумен онлайн сабақтар өткізе аласыз. Оқу платформалары: BilimLand,  Kundelik kz,  Darin online. Мысалы, Ордабасы ауданы бойынша BilimLand және Kundelik kz платформасы бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді, әрі, тақырыптары өте түсінікті етіп жасалған. Егер сіз синхронды оқу режимін таңдасаңыз, желі байланысы жақсы болса, ZOOM-мен сабақ жүргізсеңіз өте тиімді.

Сыздыкбаева Роза Гайдаровна

Үшінші – кері байланыс. Қашықтан оқыту кезінде оқушылармен байланыс  маңызды болып табылады. Зерттеуші Дж.Хэттидің айтуы бойынша кері байланыс оқушыдан мұғалімге бағытталған жағдайда мұғалім үшін тиімді болады және оқытуды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан да оқыту барысында тапсырманың анық-қанығын, оқу материалдарына толық қол жетімді болуын үнемі бақылап, электрондық күнделікте топтық хабарламаларды жазып отырған дұрыс. Сонымен қатар Whatsapp және тағы да басқа әлеуметтік желілер арқылы оқушылардан сабақ барысы жайлы ой пікірлерін, ұсыныстарын біліп, оқушы деңгейін анықтап, әрдайым дер кезінде сындарлы кері байланыс  беріп отыру керек.

Сабақ кестесін үнемі ескертіп отырған абзал, себебі, оқушы  мектепте болмаған кезде,  сабаққа қатыспауы да мүмкін, химиядан BilimLand-гі  түсінбеген тапсырмаларды Whatsapp арқылы талдауға да болады.  Әрдайым мотивация беретін көңіл-күй сыйлап, қолдау көрсету қажет. Ең бастысы кері байланыстың күші оның болғанында немесе болмағанында емес, оның сапасында екенін есте ұстау керек.

Төртінші – сабақ. Қашықтан оқытуда сабақтың құрылымы мектептегі сабақпен бірдей болатынын есте сақтау қажет, атап айтқанда: ұйымдастыру бөлімі және мақсаттар мен міндеттер – оқушыларға материалдарды игеру уақыты, сабақ кестесі нақты тапсырмалармен анықталады; үй тапсырмасын тексеру-оқушылардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жалпы шолу, қиын есептерді түсіндіру; білімнің өзектілігі-жаңа материалды, бейнероликтерді оқу тапсырмасын оқуға деген ынтасын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдану; жаңа білімді игеру- бұл жалпыға қол жетімді ресурстарға орналастырылған (бізде BilimLand платформасы) білім беру порталдарының немесе мұғалімнің әзірлеген ресурстарын пайдалану.

Алайда, оқушыларға жаңа материалды өз бетінше зерттеу алдында міндеттер нақты қойылуы керек. Сабақты ZOOM арқылы өткізген кезде оқушылар жалпы залда демонстрация жасау арқылы жасаған жұмыстарын көрсете алады, ал, топқа бөлгенде кіші залдарға 4,5 оқушыдан бөліп, олардың не жайында талқылып жатқанын сыртынан бақылау аласыз.

Бурисова Рахима Нарзилдаевна

Қашықтан оқытудағы топтық жұмыс

Жоба

Күрделі тапсырма

Зерттеу

Белгілі бір бөлімді өткенде 2-3 оқушының жұмыс жүргізуі, үйге берілген жоба тапсырмалары

Шешімі күрделі есептер, 3-6 оқушымен бірлескен жұмыс

3-4 оқушының зерттеу нәтижелерін, химия пәнінен зертханалық, сарамандық жұмыстарды талдау, талқылау

 

Сабақты меңгеру және жіберген қателерді талдау және түзету-тесттер, тапсырмаларды уақытылы тексеруді және оқушыларға олардың жетістіктері мен қателіктері туралы топта немесе жеке ақпарат беріп отыру керек. Үй тапсырмасы және кері байланыс, рефлексия- осы қадамдарды жасағанда өте абай болу керек, себебі, сіздің сабақтан басқа да сабақтардан үй тапсырмасы беріледі, сондықтан нақты, ниянақты және көп емес тапсырма беруге дағдыланған дұрыс және оқушылардың өзіндік рефлексия жасауларына назар аудару қажет.

Төртінші – интерактивтілік. Қашықтан оқыту кезінде топта пікірталас ұйымдастыра аламыз. Жаңа материалдар мен тапсырмаларды орындау кезінде талқылау үшін осы мақсатта білім беру порталын (BilimLand арқылы) таңдау керек немесе хабар алмасу, не болмаса чат арқылы сапалы кері байланыс құру керек. Топта орындау үшін бірнеше тапсырмаларды сапалы жасауға –жалпы жоба, рөлдерді бөліп беру арқылы күрделі тапсырмалар. Мұның бәрі ашық құжаттардың, вебинарлардың, желілік ресурстардың заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Бесінші – ата-анамен байланысы. Оқушылардың қашықтан оқыту кезінде  ата-аналарымен тығыз байланыс орнатқаны  дұрыс. Себебі, үй жағдайында баласы сабақ оқуға дайын ба, сонымен қатар ата-анаға көмек ретінде күнделікті баласына сабақ оқуына ыңғайлы болу үшін арнайы кесте жасап беруге де болады. Күн тәртібін құру.  Ұйқы, тамақтану, сабақ уақытын жоспарлау, өз бетінше оқу уақытын белгілеу. Мұғаліммен кері байланыста болу. Материалды меңгеруде қиындыққа тап болсаңыз сынып жетекшісімен және пән мұғалімімен хабарласу, Оқуға жағдай жасау.Сабақ оқитын орын ыңғайлы, тыныш болу керек, артық зат болмау керек.

Тапсырмалардың орындалуын қадағалау. Үй жұмысын орындауда бақылауда ұстау керек, басқа іспен айналасып отырмауын қадағалау керек. Балаларға барынша қолдау көрсету. Кеңес беріп, балаңызбен пікір алмасу, оқу барысында қиындықтар мен жетістіктер туралы сөйлесіп отыру керек. Қорыта келгенде, қашықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік  ақпараттармен байланысуға, білімдерін онлайн жалғастыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға үлкен мүмкіндік алуда.

Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев: “Қазақтың қаны бір, жаны бір, жолбасшысы-мұғалім”, – деген болатын. Осыған сәйкес қашықтан оқыту – мұғалімдер үшін жол бастайтын жаңа тәжірибе, жаңа дағды, әрі, тың мүмкіндік болып,  ұстаз еңбегінің қиын да күрделі, маңызды  екендігін оқушы мен ата-анаға, қоғамға  ұғындырып, ұстаз мәртебесі әрдайым жоғары екенін дәлелдеді.

Роза Гайдаровна СЫЗДЫКБАЕВА,
ПШО тренері, Шымкент қаласы,
Р
ахима Нарзилдаевна БУРИСОВА,
Атамекен жалпы білім беру
мектебінің химия пәні мұғалімі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий