Мәртебелі мамандық: Болашақ теміржолшылар білімі

 

Гулден Кайратовна

Қарағанды техникалық университетінің жанынан құрылған Инновациялық технологиялар колледжі 2016 жылы ашылғаннан кейін директоры болып Смағұлова Нұрбибі Әбсадыққызы тағайындалған болатын. Сол оқу жылында он бір мамандық бойынша алғашқы студенттер қабылданды. Жалпы біздің арнаулы кәсіби оқу орнында 11 мамандық бойынша кәсіптік техникалық білімнің орта буын мамандарын даярлайды. Колледж Қарағанды техникалық университетінің құрылымдық бөлімі ретінде университеттің толықтай материалдық-техникалық базасын игілігіне тиімді пайдаланады.

Колледжде 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша тасымалды ұйымдастырушы техник біліктілігін алып шығады. «Теміржол – өмір жолы» дегендей, теміржол мамандары әрқашанда жоғары сұраныста! Сапалы білім алу үшін сапалы білім беретін оқу орындарын таңдау керек! Ондай оқу орнының бірі Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі деп нақты айта аламыз. Біздің колледжде бұл мамандық бойынша жоғары санатты оқытушылар, магистрлер, докторанттар және де өндірісте жұмыс істейтін тәжірибесі бар оқытушылар сабақ жүргізеді.

Атап айтқанда, Аккушкаров Рахат Балтабаевич., Жазыбаев Сапар Габдыманотович., Сарсембеков Бауыржан Қобланович, Махашева Инкар Сакеновна, Фадин Виктор Викторович. Мамандық бойынша дайындық мазмұны: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқарудың мәні мен міндеттері; халықаралық, республикалық жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; жүктерді және жолаушыларды тасымалдау технологиясын зерттеу; қазіргі заманғы менеджмент және маркетинг негізінде пайдалану жұмысын ұйымдастыру процестері мен заңдылықтарын зерттеу; теміржол көлігінің заңдарын, ережелерін, нұсқаулықтарын зерттеу.

Кәсіби қызмет түрлері: ҰК «Қазақстан Теміржолы» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; ҰК «Қазақстан Теміржолы» АҚ еншілес ұйымдарында сервистік қызмет көрсету; логистикалық компанияларда жүк тасымалдауды ұйымдастыру; көліктік технологиялық компанияларда жүк тасымалдау үдерісін ұйымдастыру; теміржол көлігі құралдары мен жүйелерін пайдалану; темір жол көлігінде жолаушыларды тасымалдау. 

Жалпы колледжде оқу тәжірибелері университеттің өнеркәіптік көлік кафедрасының зертханалық базасында өтеді. Өндірістік тәжірибелерін студенттер Қарағанды жол бөлімінің стансаларында өтіп, оқу процессі және оқу тәжірибесі кезіндегі білімдерін терең іс жүзінде шыңдайды. Сонымен бірге студенттер мен оқытушылар тек сабақ оқып, тәжірибе өтіп қана қоймай әр түрлі халықаралық. республикалық, облыстық шараларда топжарып жүр. Осындай жобаларға қатыса отырып, студенттер мен оқытушылар өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие бола алады.

Былтырғы жылдың қаңтарында облыстық білім беруді дамытудың «Оқу-әдістемелік орталығы» мен «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ  бірлесуімен ұйымдастырылған аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасындағы «Ғасыр тарихы» зерттеу жобасы байқауында білімгерлеріміз Федулов Генадий және Аубакиров Алдияр (жетекшілері  Сарсембеков Бауыржан Қобланович) сондай-ақ екінші курс студенті Касенова Дильназ (жетекшісі Махашева Инкар Сакеновна) бақтарын сынап, жүлделі екінші орынға қол жеткізді. 

Наурыз айында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған теміржол көлігі бағыты бойынша оқытушылардың ОӘБ жұмысы аясында «Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауында «Өндірістік оқыту бойынша үздік әдістемелік құрал» аталымы бойынша бірінші қатардан көрінген Инновациялық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Махашева Инкар Сакеновна марпатталды.  Қыркүйекте «Теміржол саласына  инновациялар енгізу» тақырыбы бойынша үшінші халықаралық қашықтан ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу жұмыстары инновациялық жобалар байқауында колледж студенті До Екатерина Владимировна мен жетекшісі Жазыбаев Сапар Габдыманатовичке бірінші дәрежелі диплом табысталған болатын. 

Биылғы қаңтардың ортасында облыстық білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы мен «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ  ұйымдастырған облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында онлайн режиміндегі «Ғасыр тарихы» зерттеу жобасы байқауында колледж студенті Мещерина Ксения Александровна мен жетекшісі Фадин Виктор Викторович жүлделі екінші орынды еншілегені бар. Бұл жетістіктерге біз қызмет атқарған екі жыл көлемінде жеткен кішкентай ғана белесіміз деп ойлаймыз. Әлі де үлкен биіктерді бағындыратындығымызға сенімдіміз.

Абай хакім айтқандай «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Рас бүгінде колледжімізде болашағынан үміт күтетін талантты, білімді студенттер білім алуда. Сонымен қатар, еліміздің дамуына өзіндік үлестерін қосатын бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлауда, сапалы білім беру жолында аянбай еңбек тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан оқытушы тәлімгерлеріміз жеткілікті.

Гулден Кайратовна МОЛДАБЕКОВА,
ҚарТУ Инновациялық технологиялар
колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі
орынбасары,
Инкар Сакеновна МАХАШЕВА,
ҚарТУ Инновациялық технологилар
колледжінің арнайы пәндер оқытушысы,
Қарағанды облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий