ҚызПУ-да халықаралық форум ұйымдастырылды

Пандемия жағдайындағы білім беру жүйесінің болашағы қандай болмақ? Нақты ұсыныстар бар ма? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеу мақсатында Қыздар университетінде халықаралық форум өтті. Бұл туралы осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Онлайн режімде ұйымдастырылған алқалы жиынға АҚШ, Түркия, Польша, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Халықаралық білім күніне орай ұйымдастырылған басқосу барысында коронавирус індетінің әлемдегі білім беру процесіне әсері зерделеніп, пандемия кезінде туындаған проблемалардан алған тәжірибелер талқыланды.

Сондай-ақ COVID-19-дан кейінгі білім берудің бағытын өзгертуге ұсынылған сценарийлер мен стратегиялар назарға алынды. Форум аясындағы баяндамалардың электрондық жинағы алдағы уақытта www.kazmkpu.kz интернет-ресурсында қолжетімді болады. Баяндамаға қойылған талаптарға сәйкес келмейтін немесе плагиат белгілері анықталған материалдар қаралмайды және жинаққа енбейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий