Туған жерге тағзым – перзенттік парыз

Жамбыл облысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен “Жомарт түлек-2021” жамбылдық танымал түлектер кездесуі ұйымдастырылды. Мақсат – туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту, әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірибесін тарату, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және өзге де салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.


Жиынға облыстан шыққан елге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, тәуелсіздіктің құрдастары қатысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесуде қатысушыларға «Тәуелсіздік жылнамасы» бейнефильмі (летопись) көрсетілді. Фильм Жамбыл облысында 1991 жылдан бері әр бес жылдықта атқарылған негізгі жұмыстарына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналды. Басқосу барысында облыс әкімі жиынның маңыздылығын баяндап, ағымдағы жылы аталып өтетін даталарға тоқталды. Бұдан бөлек, өңірде Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай іске асатын отыз игі іске бастау берді.

Кездесуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы, өңір түлегі Махмұд Қасымбеков онлайн байланысқа шығып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. Жиында Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді және өзге де танымал түлектер туған жерге қолдау көрсету перзенттік парыз екендігін атап өтіп, өңір тумаларын облыстың өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Бұдан бөлек, жиында Сингапур елінен кәсіпкер Талғат Тұрымовтың бейне құттықтауы көрсетілсе, бейнеконференц байланысы арқылы Москва қаласынан қосылған Тараз қаласындағы № 1 гимназияның түлегі, М.Ломоносов атындағы МГУ магистранты Загрибельный Богдан және Америка Құрама Штатынан бейнебайланысқа шыққан дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлегі, бүгінде Америка Құрама Штаттарында ІТ саласында жұмыс істейтін Қайрат Әшім туған жеріне ізгі лебіздерін жеткізді.

Кездесу соңында облыстың дамуына қосқан сүбелі үлесі және «Жомарт түлек» акциясына белсене қатысқаны үшін түлектерге облыс әкімінің алғыс хаты және «Жомарт түлек» сыйлығы табыс етілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий