Көрме байқау: Ғылым әлемін ашамыз

Аймақтағы балалар техникалық шығармашылығы орталығында XVІI халықаралық ғылыми жарысқа қатысушыларды іріктеу және дарынды балаларды анықтап дамыту, оларға қолдау көрсету бағытында  «Ғылым әлемін ашамыз» облыстық көрме байқауы қашықтан ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқауды өткізудегі басты мақсат облыстық «Ғылым әлемін ашамыз» атты көрме – байқау Жер және Ғарышты зерттеу туралы  ғылымға оқушылар қызығушылығын дамыту,  жаратылыстану – математикалық, астрофизикалық,  ғарыштық технология ғылымдары бағытындағы зерттеу жұмыстарына тарту. Байқауға қатысушылар онлайн түрінде ZOOM платформасы арқылы жобаларын ұсынды. Көрме байқауға барлық аудандық, Орал қаласының №5, №27, №42, №46, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп – лицей – интернаты оқушылары, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп интернатының оқушылары,   облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері қатысты. 

Барлығы елу төрт үміткердің 42 ғылыми жобалық жұмыстары сараланды. Облыстық көрме – байқау «Ғарыштық  техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы», «Күн жүйесі» сынды бес секция бойынша сарапқа салынды. «Ғарыштық  техника және инфрақұрылым» секциясы бойынша Юмдасова Элиза – (Облыстық балалар техникалық орталығы, жетекшісі Кушегалиев А.А), «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» секциясы бойынша Мендыхан Альмира, Тельманова Адема (Орал қаласы «№42 мектеп гимназиясы», жетекшісі Каримгалиева А.Н), «Экология және ғарыштық қызмет»секциясы бойынша Сағындықов Елшат (Ақсай қаласы, №1 ЖОББМ, жетекшісі Мурзашева М.Б) топжарды. 

«Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы» секциясы бойынша Абхиев Асан (Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп интернаты, жетекшілері Меңдыбаева Г.Б., Ахмедияров Н.О.), «Күн жүйесі»  секциясы бойынша Темирханов Темирлан, Табылдыева Мадина (Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп интернаты, жетекшілері Кинишева В.Н., Упагалиева Г.Ш) байқау жеңімпазы болып танылып, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий