Жетекші мектеп: Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Біз 2018 жылдан бастап «Ынтымақ» атты жетекші мектеп ретінде аудан көлемінде серіктес бес мектеппен кәсіби қоғамдастық қызметін құрдық. Кәсіби қоғамдастық Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша курстан және тренерлік курстан өткен педагог қызметкерлерден тұрады. Алдымен өзімізге жүктелген міндеттерді сезіне отырып, жетекші мектептің негізгі атқаратын функцияларын анықтап, мақсат-міндеттерін нақтылап, ынтымақтастық жолында жоспарды іске қостық.

Кейін бекітілген мектептердегі деңгейлік курстан өткен ұстаздарды біріктіріп, олардың қажеттіліктерін анықтап, бірлескен жұмыстарды бағалауға ұмтылудамыз. Магниттік мектептердің ұжымымен жақын танысу мақсатында жетекші мектептің көшбасшылары және серіктес мектептің жетекші қызметкерлерімен құрылған жоспарды талқылауға, жетістікке жету жолдарын ортаға салатын семинар, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары сынды отырыстар ұдайы өткізілді.

Жетекші мектептің магниттік мектептердегі мұғалімдерге кәсіптік көмек ретінде қосқан үлесі – бұл еліміздің білім беру үдерісін жаңартылған білім беру бағдарламасына көшу барысындағы критериалды бағалау жүйесін енгізуде, қолдануда туындаған кедергілерден шығу жолдарын табудағы атқарылған жұмыстар. Оның ішінде жас мамандар мен психологтерге арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында бірнеше семинар, ашық сабақтар өткізілді. Магниттік мектептермен бірлескен «Lesson Study» сабақты тиімді жоспарлау және оқыту үдерісіндегі сабақтың іс-әрекетін зерттеудегі тиімділік құралдары жайлы біріккен әдістемелік жұмыстар жүргізілуде.

Әрине, атқарылған істермен қатар кедергілер де бар, бірақ сол кедергілерден шығу жолдарының бірі біздің мектептің «Өзін-өзі жетілдіру, іздену…» миссиясы негізінде біліктілікті арттыру курстарынан өту, облысымыздағы Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қаласындағы филиалының тренерлерімен ұйымдастырылатын онлайн вебинар, семинарларға қатысу арқылы жүзеге асырылуда. Мектеп ұжымы кәсіби қоғамдастық жұмысының міндеттерін адал, әрі абыроймен атқаруда. Ауызбіршілік аясында білім әлемінің барлық мүмкіндігін пайдаланып, кедергілерді бірге шешетінімізге сенім мол.

Қанымгүл Аяпбекқызы СОЛТАНАЛИНОВА,
Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің
директоры, Павлодар облысының Ақтоғай ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий