Блиц-турнирдің жеңімпаздары марапатталды

Жалпы білім беретін мектептердің 9-10 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәні бойынша оқушыларының интеллектуалды, шығармашылық пен ойлау қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында облыстық «Блиц-турнир» байқауы қашықтан ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқаудың өткізудегі негізгі мақсат білім алушыларды шығармашылыққа, ағылшын тіліне дағдыландыру, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін жан-жақты дамыту, оқу және кәсіби мотивация деңгейін арттыру болып келеді. Байқау екі кезеңнен тұрды. 1 тур – тестілеу. Тест тапсырмаларын орындауға 50 минут уақыт беріледі. Барлығы 30 сұрақ, лексика –грамматикалық бөлім – 25 сұрақ оқылымнан (талдау)- 5 сұрақ. ZOOM платформасында Google форматында өтті.

Байқау тапсырмалары оқушылардың грамматика, лексика, тілді түсіну деңгейлерін тексерді. Қатысушылар тапсырмаларды жақсы орындап, ағылшын тілін тамаша меңгергендіктерін көрсетті. Екінші тур –эссе жазу. Zoom платформалары көмегімен жүзеге асырылды. (9- сынып 150-200 сөз, 10- сынып 220-250 сөз) 80 минут берілді. Байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылар жүлдергерлердің орнын келесі тәртіп бойынша анықтады.

Тоғызыншы сынып бойынша жүлделі бірінші орынКасымова Мая, Орал қаласы, № 6 ЖОББМ оқушысы; ІІ орынБайтемирова Айдана, Дарынды балаларға арналған С.ССейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы; ІІ орын – Ситказиева Камила, Бәйтерек ауданы, Дариян МГИ оқушысы; ІІІ орын – Жанабаева Алиса, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №3 ЖОББМ оқушысы; ІІІ орын – Курак Дана, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы; ІІІ орын – Сейдахмет Лунара, дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебініңоқушысы

Оныншы сынып бойынша жүлделі бірінші орын Темирханов Темирлан,  Дарынды балаларға арналған С.ССейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы; ІІ орын –  Нариман Нұрбол, Бөкей ордасы ауданы, Қ.Сағырбаев атындағы мектебі; ІІ орын – Ажмуратов Ильяс, дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебінің оқушысы; ІІІ орын – Джумабекова Алина,  Бәйтерек ауданы, Камен ЖОББМ оқушысы; ІІІ орын – Апасова Елизавета, Орал қаласы, №35 мектеп-лицейінің оқушысы; ІІІ орын – Женисова Бану, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы. 

Облыстық байқауларда жүлделі орынға ие болу – оқушының және пән мұғалімдерінің үлкен жетістігі. Жеңімпаз оқушыларды және ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Жеңістерің құтты болсын!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий