Салалық кәсіподақ төрағасы кәсіподақ мүшелері мен әлеуметтік әріптестеріне алғыс айтты
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева қазақстандықтарды 1- наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады, – деп хабарлайды осы қоғамдық ұйымның баспасөз қызметі. «Ұрпағын жақсылық пен қайырымдылық жасауға, бір-біріне мейірімді болуға шақырған дана халқымыз үшін бұл мерекенің жөні бөлек. Жарқын мейрам елімізде тұрақтылық пен келісімнің, бейбітшілік пен бірліктің нығаюына негіз болуда.
Айтулы күнді пайдаланып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының атынан елімізде кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлестері үшін әріптестеріме, кәсіподақ ардагерлеріне, барша кәсіподақ мүшелеріне, сала қызметкерлерінің игілігі жолындағы бірлескен жұмыстар үшін – әлеуметтік әріптестерге шынайы ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын.
Загрузка...Пандемия жағдайындағы Сіздердің әрқайсыларыңыздың жанкешті жұмыстарыңыз бен өлшеусіз еңбектеріңіз тарих боп жазылуда. Татулығымыз бен бірлігіміздің арқасында біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз. Қоғам игілігі жолындағы қызметтеріңіздің жемісті нәтижесін көріңіздер. Мерейлеріңіз үстем болып, абыройларыңыз арта берсін»,- деп жазды Салалық кәсіподақ төрағасы Facebook желісіндегі парақшасында.