Мен кітапханашымын!

Мен, ел мен әлем тарихын, батыры мен ақынын, әншісі мен хакімін, сал-серілері мен журналистерін ортақ бір жерге тоғыстырған, адасқан бас сұқса жол таба алатын, қиналған келсе шерін тарқататын, ем іздесе дауа табатын бірнеше ғұламалары бір жерде ақыл беретін, мол мұрағаты бар кітапхана деген қасиетті жерде жұмыс жасаймын!

Ия, расымен кітапхана ол – біреуге жай керек емес қағаздар жиналған қойма, ал кей біреулер үшін өзін жайлы сезінетін, қиын жағдайда еш адамға бармай – ақ түрлі кітаптармен сырласып отыратын, мұң шағатын бөлек әлем. Кітапханашы болу – ол өзіңнің отбасыңнан бөлек кітап деген жаны жоқ бірақ, берері мол оқу құралының иесі болу, яғни, екінші отбасыңа айналатын орта. Мен үшін жұмыс орыным өте қымбат. Кітап ол – оқыған адамға әр түрлі болады. Мысалы бір кітапты бастасаң, ол көңіл күйің жоқ кезде оқысаң мұңды, керемет көңіл күймен оқысаң көңілді, ақыл керек кезде ақылшы бола алатын жалғыз құрал.

Қазіргі таңда көп жағдайларға байланысты жастарымыз интернет желілеріне көшіп, кітапты онша көп оқи бермейді. Тіпті мүлдем оқымайтындары да жоқ емес. Көп жағдайда кітапханаға келіп, кітап көп оқитындар мен интернет көздерінде көп отыратын және кітапты онша көп ұната бермейтіндерді айырып алу қиын емес. Кітапханашы болу – ол барлық кітаптарды оқып тастайтын адам деп ұғады, сол кітапханаға келмейтіндердің қатарындағылар, бірақ, өкінішке орай көп жағдайда олай бола бермейді, өйткені кітапхананың да көзге көрінбейтін өз жұмыстары бар мысалы кітаптарды қабылдау, оларға белгі қою, реттік сандарын жазу, түптеу, жыл соңында есебін беру сияқы көптеген сіз біле бермейтін қырлары мен сырлары бар.

Ал егер сіз де сондай ойда жүрген болсаңыз тарихқа тұнған кітапханаға бас сұғуды ұмытпаңыз. Қазіргі жастарымызды оқуға, білімге тарту мақсатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша отандастарымызға Жолдауында кітапхана және кітапханашылар туралы баса шегелеп айтқаны мәлім, осыған орай, мектеп кітапханаларын қайта жаңғырту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақасатындағы республикалық «Оқуға құштар мектеп»  жобасы өз жұмысын бастады.

Жоба аясындағы шаралардан біздің орталық та шет қалған жоқ. Кітапхана қорынан бірнеше кітаптар іріктеліп, орталық дәліздеріне және барлық кешен қызметкерлеріне қобдишалармен (корзина) үлестіріліп берілді. Қазіргі таңда жоба кітапханашы жоспары бойынша сәтті іске асырылып жатыр. Құрметті жас буын өкілдері біздің болашаққа білімді ұрпақты тәрбиелеп шығаруымыз , сондай – ақ сол білімді ұрпақтың қатарында сіздің  болуыңыз өзіңізге байланысты. Тобықтай түйін: “Адамдар оқуды тоқтатқан кезде, ойлауды да тоқтатады”, – Дени Дидро. 

Нұрғаным АМИРГАЛИЕВА,
“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру
орталығының кітапханашысы, Ақмола облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий