Үштілді білім беру: Азаматтарға арналған сауалнама

Құрметті респондент!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылық қолдауымен «»Орта білім беруді жаңғырту» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында жаңартылған білім беру мазмұнының жүзеге асырылуы мен Қазақстанда үш тілде білім беруге өту үшін қажетті мамандарды даярлауға баға беру мақсатында әлеуметтік сауалнама жоспарланған.
 
Сауалнама негізінде қазіргі проблемалар анықталып, орта білім беру жүйесінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады. Сауалнамаға қатысып, сауалнама сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз. Сауалнаманы бастамас бұрын, осы нұсқаулықтың барлық шарттарымен және сауалнама мәтінімен танысып, мұқият оқып шығуыңыз керек, және келіскен жағдайда сауалнамаға қатысуды жалғастыруыңыз керек.
 
1.     Сауалнама 2 тарауға бөлінген 9 сұрақтан тұрады: толтыруға берілетін уақыт – 20 минут.
 
2.     Сіздің пікіріңізге барынша жақын жауап(тар) нұсқасын таңдаңыз және көрсетіңіз.
 
3.     «Дұрыс» және «бұрыс» жауап жоқ, сондықтан барынша шынайы жауап беріп, жеке толтыруыңызды сұраймыз. Бұл сауалнама сіздің білім деңгейіңізді тексермейді, ол тек орта білім берудің проблемалары мен перспективаларын анықтаудың құралы болып табылады.
 
4.     Сауалнаманы өту барысында бір компьютерден (бір IP-адрестен) бір-ақ жауап қабылданады. Егер де сауалнаманы ұжыммен өтуді көздесеңіз, SurveyMonkey-ге әртүрлі компьютерден кірулеріңіз керек.
 
5.     Сауалнама анонимді болғандықтан тегіңізді, атыңызды және әкеңіздің атын еш жерде көрсетпеңіз.
 
Құрметті респондент! Түрлі санаттағы тұрғындардың пікірін толыққанды әрі нақты есепке алу Сіздің адалдығыңыз бен жауапкершілігіңізге байланысты. Жауаптарыңыз жалпыланған түрде қолданылады. Сауалнама анонимді және құпия болатындығына кепілдік беріледі. Ынтымақтастыңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз!
 
https://ru.surveymonkey.com/r/cit-kaz2

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий