Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” тақырыбындағы бағдарламалық мақаласында білімнің салтанаты жалпыға ортақ болу қажеттігін айтқан болатын. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, бұл сөзде үлкен мағына жатқанын аңғарамыз. Расында, қазіргі қоғамда табысқа жетудің ең іргелі әрі басты факторы білім екенін қай-қайсымыз да терең түсінуіміз қажет. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана үлкен белесті бағындырады.

Ұлт көшбасшысы кезекті осы мақаласында алдағы жылдары қолға алу қажет бірнеше жобаны атап көрсетті. Олардың қатарында қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстары да бар. Жалпы, бұл мәселеге мемлекет неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсінеді. Сондай-ақ, елімізде бұл жұмысты жүзеге асыруға тәуелсіздік алған жылдардың басынан дайындалғаны айрықша атап айтылды. Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді? Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды былайша жіктеп көрсетуге болады:

Ең алдымен – тіл тазалығы мәселесі. Қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі бодандық жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза казақ әліпбиін калыптастыру бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Сондықтанда тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне тиімді жолдар ашылады.

Үшіншіден, бүгінгі таңда кириллица  жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Бізге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол – табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз. Түсіне білген қоғам үшін мұның да маңызы зор екенін атап көрсеткім келеді.

Айнагүл БЛЯЛОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетіндегі экономика кафедрасының
аға оқытушысы, Жамбыл облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий