Қызылорда облысы: Сексен мыңнан астам оқушы дәстүрлі білімге көшті

Қызылорда облысында 1-5 сыныптың оқушылары дәстүрлі түрде мектепке барып оқыды. Негізгі ерекшеліктер туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова баспасөз брифингінде баяндады, – деп хабарлайды жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Қашықтан оқытатын мектептегі 1-5 сыныптағы 82 201 оқушының 81 070-і мектепте дәстүрлі оқытуды бастады. Сонымен қатар, оқу процесі 123 мектепте 19 865 оқушы дәстүрлі түрде, 178 мектепте 49 103 оқушы қашықтан оқыту форматымен, 9, 11 сыныптағы 17 949 оқушы аралас оқыту форматына жалғасуда. Инфекцияның таралу қауіпін азайту бағытында дәстүрлі түрде білім алатын оқушылар 5 сатыдан тұратын дезинфекциядан өтуде. Мектептерде қатаң санитарлық талаптар сақталуда.

– Енгізілген өзгеріске сәйкес, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп формаларына байланысты оқушыларға қатаң талап қойылмайды. Дегемен оқушылар класикалық үлгідегі киіммен мектепке бару қажет. Егер де ата-аналар тарапынан оқушылардың киіміне қатысты толыққанды мүмкіндік болмаса әлеуметтік жағдайы ескеріліп, оқушылардың дайын болуына қарай мектепке келе алады, – аймақтың бас педагогы. 

Айта кетейік, дәстүрлі оқитын оқушылардың саны кезең-кезеңмен көбейіп келеді. Мәселен, 1 оқу тоқсанында 79 пайызы қашықтан, 21 пайызы дәстүрлі , 2 оқу тоқсанда 68 пайызы қашықтан, 32 пайызы дәстүрлі, 3 оқу тоқсанда 58 пайызы қашықтан, 42 пайызы дәстүрлі оқытылса, 1 наруыздан бастап 29 пайызы қашықтан, 71 пайызы дәстүрлі білім берілуде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий