Мектепке дейінгі балаларды дамытудағы педагогикалық көзқарастар
(Бұқар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Шоқан Уалиханұлы). Педагог – жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған, саналы білім сапалы тәрбие беру жолында баланың қызығушылығын арттыра отырып, балаларды дамыту. Педагог баланы дамыту жолында түрлі әдіс пен тәсілдерді пайдалана отырып, оқуға деген зейінін ашу қажет. Мадақтау әдісін пайдаланып, балалардың логикалық және абстракциялық ойлауын, түрлі қабілеттерін дамытады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды.

Қазақстанда он сегізінші ғасырда ағартушылық ой-пікірдің дамуында өзіндік із қалдырған, ақын мен жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі Бұқар жырау Қалқаманұлы. Бұқар жырау жақсы мен жамандық туралы, адамгершілік қасиетті, шынайы достық пен қастықты салыстыра келіп, жырау жастарды тәлімдік-тәрбиелік мәні бар қасиеттерді жастардың бойына сіңіруге ақыл-кеңес береді:
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Дос болғанмен хан болмас,
Екі жақсы дос болмас,
Дос болса, түбі бос болмас, – деп адамгершілік, ізгілік қасиеттерді жастардың арасында кеңінен насихаттайды. Оның нақыл сөздері мен шешендік өнерін ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға болады. Бұқар жыраудың өлеңдерінің мазмұны исламның жаттанды қағидаларына сүйенеді.
Оның көзқарасындағы қайшылық сол кезеңнің, оны қоршаған феодалдық- патриархалдық салт-дәстүрлермен, хандық биліктің күшімен байланысты. Бірақ оның өлеңдері мен толғауларының терең де философиялық-дидактикалық, тәлімдік-тәрбиелік мәні орасан зор.Жыраудың көптеген афоризмдері мен өрнекті өлең жолдары халықтың арасында кеңінен тарағаны белгілі, олар мақал-мәтелдерге айналғанын аңғару қиын емес.
Дулат Бабатайұлы он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің көрнекті тұлғаларының бірі Қазақстанның Ресейге қосылу нәтижесінде қазақ даласында отарлау саясатының нәтижесінде қалыптасқан жағдайға ешкімнен қаймықпай сын айтқан ақындарымыздың бірі болды. Дулат еңбектерінде адамдардың адамгершілік құндылықтарының жағымды және жағымсыз жақтарына жан-жақты сипаттама береді, әсіресе, жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың, жомарттық пен сараңдықтың, білімділік пен надандылықтың арасындағы айырмашылықты ашуға тырысты.

Дулат кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлімдік-тәрбиелік мәні зор жоғардағы өлең жолдарымен ақыл-кеңес береді, жас ұрпақтың бойында жағымды адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге шақырады. Педагогикалық ойдың дамуында Махамбет Өтемісұлының қосқан үлесі. Махамбеттің қай өлеңін алсақ та, оның негізгі лейтмотиві – жас ұрпақты ерлікке патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу. Демек, оның шығармаларындағы айтылған қағидалар көтерілген мәселелер бүгінгі педагогиканың уақыт талабына қойып отырған мәселелерімен үндесіп жатыр.
Махамбет өлеңдерінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты тәрбиенің сан-алуан салалары атап айтқанда, адамгершілік-имандылық, сұлулық, ел жандылық, экологиялық тәрбие туралы жан-жақты сөз болады. Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, туып өскен жерін қорғау үшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі үшін құрбан болған елдің арманы жоқ, туған халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ұрпақты үгіттеді.
Ағартушы ғалым Ш. Уалиханұлының ағартушылық идеялары. Шоқан ғылымның көптеген салаларында өшпес мұра қалдырды. Шоқан тарихшы, географ, этнограф, фольклорист болды. Ол тек қана қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік тектес шығыс халықтардың тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін зерттеуге ат салысты. Он тоғызыншы ғасырдың алпысыншы жылдардағы Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың, орыс педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей ықпал етті. Шоқан арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық және ғылыми еңбектері ағартушылық сипатта болды.
Ол білімі мен мәдениеті озық елдерден үлгі өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен үйренуге шақырды. Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.
Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол елімізде «нағыз шынайы білімдер» ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. “Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді”, – деді ол.
Күлсара Журсинбетовна БАСТАРБЕКОВА,
“Теспе” атындағы жалпы мектебінің даярлық
топ тәрбиешісі, Түркістан облысындағы
Ордабасы ауданының Теспе ауылы