Қашықтан оқытудың маңызы мен мәні

Қазіргі жаңа ғасырда ғылым мен технология жетік дамыған. Табиғат құбылыстары және оның заңдары осы күнге дейін адам баласын ойландырып, толғандырып, анықталмаған, сыры ашылмаған дүниелерге ақиқаттың түбіне бар сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жетуі әрқашанда үлкен жетістік болып табылады. Отандық білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.

Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Болашақта ғарышты игеру, адам баласының өмір сүру ортасын кеңейту, дәлірек айтқанда, экологиялық мәселелер шешіліп, информатиканың қыр-сырлары ашылады. Сонымен қатар, әлі шешілмеген мәселелер тарапында қашықтықтан оқытуды тиімді пайдалансақ, біз көптеген жағымсыз жағдайлар мен қиын тақырыпты мәселелерді жеңілдетер едік.

Ал білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолдануда, сондықтан қашықтан оқыту маңызды рөл атқарады. Әсіресе қашықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді.

Бұл жүйеде оқытушы оқушының  жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Осымен байланысты қашықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды. Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді.

Бұл жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты жұмыстарды  ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтан оқыту технологиясын қолдану да мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.

Айнур  Бактияровна ТОККОЖИНА,
№4 Шұбарқұдық мектебі директорының
тәрбие ісі орынбасары, музыка пәні мұғалімі,
Ақтөбе облысының Темір ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий