Павлодар облысы: Пән олимпиадасының жеңімпаздары
Жалпы білім беретін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 пән бойынша оқушылардың жыл сайынғы облыстық олимпиадасы онлайн режимде 9-11 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды. Білім бәсекесіне үш қала, 10 аудан және он үш мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 26 команда құрамында 730 оқушы қатысуы барысында біздің ауданнан жиырма бес үміткер бақ сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Камила Қалиақпар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Кенжегүл Балтажанқызы Әлжанова), №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Әлішер Баритовқа география пәнінен үшінші дәрежелі диплом табысталды (жетекшісі Жаннат Аманғазықызы Жұмагулова), №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ернұр Бахитденов Қазақстан тарихы пәнінен үшінші дәрежелі дипломға қол жеткізді (жетекшісі Баян Рақымжанқызы Шөкина).
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып Аружан Арынова құқық негіздері пәнінен де үшінші дәрежелі дипломды еншіледі (жетекшісі Ержан Бақтыбайқызы Рахимтаев). Білімнің биік шыңдарын бағындыра білген оқушыларымызға мың алғыс.
Данияр Хамзаұлы АЮПОВ,
білім беру бөлімнің әдіскері,
Павлодар облысының Баянауыл ауданы