Ақмола облысы: Жергілікті білім саласының мәселелері талқыланды

Көкшетау қаласындағы балалар және жасөспірімдер сарайының базасында онлайн режимінде аймақ жетекшісінің орынбасары Айна Мүсралимованың қатысуымен Ақмола облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Тақырыбы: «2020 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2021 жылға арналған міндеттер туралы». Алқа отырысына аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, ББ басшысының орынбасарлары және бөлімдердің басшылары, аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінің басшылары, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Оған қоса іс-шараға жоғары оқу орындарының ректорлары, Ақмола облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, мемлекеттік органдардың басшылары, «Өрлеу» БАҰО АҚ «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалының директоры, Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы” ҚБ төрағасы, БАҚ өкілдері шақырылды.

Атбасар ауданында мектепке дейінгі тәрбие жүйесін дамыту туралы Қуатбеков Қуаныш Өмірзақұлы, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары баяндап берді. Цифрлық технологиялар және техникалық сүйемелдеу жөнінде Салтанат Сейпиева, Аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының мектеп бөлімінің меңгерушісі мәлімдеді. Бұланды ауданында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштерінің орындалуы туралы Алия Жолдығұлова Бұланды ауданы білім бөлімінің басшысы айтып берді.

Одан басқа «Жас маман» жобасын халықаралық стандарттар бойынша кадрлар даярлаудың негізі ретінде жүзеге асыру және 2020 жылға кәмелетке толмағандарға қатысты заңдылықтың бұзылуын талдау мәселелері талқыланды. Алқа отырысын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы аяқтады, ол әкімдіктің білім беру саласындағы қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Алқа жұмысының соңында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б. Жүсіпов және қатысушылар қорытынды шығарып, алқа шешімінің жобасын талқылады. Алқаның соңында үздік педагогтарды марапаттау рәсімі өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий