ЕҰУ халықаралық QS пәндік рейтингісінде “Лингвистика” пәні бойынша топ 251-300-ге енді

2021 жылғы 3 наурызда жарияланғанQSпәндік рейтингісінің нәтижесі бойынша Еуразия ұлттық университеті «Лингвистика» пәні бойынша әлемнің 1,059 жоғары оқу орындарының арасында топ 251-300-ге енді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Аталмыш рейтингке барлығы 5 қазақстандық ЖОО қатысты: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ. Саралау 4 критерий негізінде жасалынды: академиялық сарапшылар арасындағы бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, дәйексөз, Хирш индексі. 

Рейтинг нәтижесі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Лингвистика», «Физика және астрономия», «Экономика және эконометрика» пәндері мен«Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәндік саласы атап өтілді. «Экономика және эконометрика» пәні алғаш рет аталып отыр, ол әлемнің 1,370 ЖОО арасында топ 451-500-ге кірді. «Физика және астрономия» пәні үшінші жыл қатарынан әлемнің 1,439 ЖОО арасында топ 551-600 позициясын сақтап келеді.

«Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні мен«Экономика және эконометрика» пәні бойынша үздік көрсеткіш«Академиялық сарапшылар арасындағы бедел» болып табылады, бұл халықаралық білім беру кеңістігінде танылу мен танымалдықты көрсетеді. Екі пән үшін де дәл осы өлшем ең маңызды саналады:«Өнер және гуманитарлық ғылымдар» үшін 60%, «Экономика және эконометрика» үшін 40% құраса,«Лингвистика»мен «Физика және астрономия» пәндері бойынша үздік көрсеткіш «Жұмыс берушілер арасындағы бедел» критерийіне ие.

ЕҰУ-дің«Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні осы рейтингте алғаш рет аталып, топ 451-500 қатарына енді. «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәндік саласы бірнеше пәндерді қамтиды: «Археология», «Сәулет», «Өнер және дизайн», «Классикалық және ежелгі тарих», «Ағылшын тілі мен әдебиеті», «Тарих»,«Лингвистика», «Қазіргітілдер», «Орындаушылық өнер», «Философия», «Теология, теология және дінтану».

2021 жылғы рейтинг үшін 13.9 миллионнан астам жарияланымға талдау жүргізілді, оларға шамамен 81 миллион дәйексөз, 51 пән және әлемнің 1453 жоғары оқу орнынан 5 ғылыми сала –«Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Инжиниринг және технологиялар», «Өмір туралы ғылымдар және медицина», «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» алынды. Ал 2021 жылы «Геология», «Геофизика» және «Мұнай инженериясы» атты үш жаңа пән қосылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий