Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХI халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында жыл сайын дәстүрге айналған Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ халықаралық байқауы еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков – еліміздің  қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстандағы роботтық механика, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы академик. Биыл конкурстың өткізілу шарасы ұлы ғалымның 90 жыл мерейтойымен тұспа-тұс келді. Іс-шараның ашылу салтанатында  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы бастаған бірнеше академик, профессорлар делегациясы Ө. Жолдасбеков ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды.

«Дарын» РҒПО директоры Ақжол Боранбай  халықаралық конкурстың қатысушыларына  ыстық ықыласын білдіріп, сәттілік тіледі. Сайысқа Түркия, Индонезия, Франция, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 166 жобамен 218 оқушы қатысты. Қатысушылар математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша жобаларын қорғады. Қазылар алқасының құрамы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің деканы Д. Жакебаев бастаған оқытушы ғалымдардан құралды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрінің дипломдарымен, және медальдарымен марапатталды. Конкурс оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасап, олардың зерттеушілік қызметін жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий