ЕҰУ-дің 3 пәні және бір пәндік саласы QS World University Ranking by Subject – 2021 рейтингіне енді

2021 жылғы 3 наурызда Qssymonds (Ұлыбритания) халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізетін QS World University Ranking by Subject пәндік рейтингтердің нәтижелері жарияланды. Рейтинг нәтижесі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – «Лингвистика», «Физика және астрономия», «Экономика және эконометрика», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәндері атап өтілді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Оның ішінде «Экономика және эконометрика» пәні алғаш рет аталып отыр, ол әлемнің 1,370 ЖОО арасында топ 451-500-ге кірді. Сондай-ақ 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Лингвистика» пәні әлемнің 1,059 жоғары оқу орындарының арасында топ 251-300-ге енсе, «Физика және астрономия» пәні үшінші жыл қатарынан әлемнің 1,439 ЖОО арасында топ 551-600 позициясын сақтап келеді.

«Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні мен «Экономика және эконометрика» пәні бойынша үздік көрсеткіш «Академиялық сарапшылар арасындағы бедел» болып табылады, бұл халықаралық білім беру кеңістігінде танылу мен танымалдықты көрсетеді. Екі пән үшін де дәл осы өлшем ең маңызды саналады: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар»  үшін 60%, «Экономика және эконометрика» үшін 40% құраса, «Лингвистика» мен «Физика және астрономия» пәндері бойынша үздік көрсеткіш «Жұмыс берушілер арасындағы бедел» критерийіне ие.

ЕҰУ-дің «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні осы рейтингте алғаш рет аталып, топ 451-500 қатарына енді. «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәндік саласы бірнеше пәндерді қамтиды: «Археология», «Сәулет», «Өнер және дизайн», «Классикалық және ежелгі тарих», «Ағылшын тілі мен әдебиеті», «Тарих», «Лингвистика», «Қазіргі тілдер», «Орындаушылық өнер», «Философия», «Теология, теология және дінтану». Бұл рейтингте барлығы 5 қазақстандық ЖОО атап өтілгенін айта кеткен жөн.

2021 жылғы рейтинг үшін 13.9 миллионнан астам жарияланымға талдау жүргізілді, оларға шамамен 81 миллион дәйексөз, 51 пән және әлемнің 1453 жоғары оқу орнынан 5 ғылыми сала – «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Инжиниринг және технологиялар», «Өмір туралы ғылымдар және медицина», «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» алынды. Ал 2021 жылы «Геология», «Геофизика» және «Мұнай инженериясы» атты үш жаңа пән қосылды.

Жалпы, QS рейтингі 4 критерий негізінде жасалады. Атап айтқанда: академиялық сарапшылар арасындағы бедел; жұмыс берушілер арасындағы бедел; дәйексөз; хирш индексі. Сонымен қатар, әрқайсысының өзіндік рейтингі, өлшемдері мен салмағы бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий