Айгүл Мұқашева: Кәсіподақ мүшелерінің жетпіс пайызынан астамы қыз-келіншектер

Аяулы арулар, ардақты аналар! Құрметті әріптестер! Сіздерді 8-наурыз халықаларық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктем шуағымен нұрланып жеткен жарқын мереке әйелдердің көп қырлы болмысын дәйекті сипаттауға тамаша мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғамда нәзік жандылар отбасының шамшырағы ғана емес, түрлі салада тер төгіп жүрген кәсіби маман иелері.

Еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйым саналатын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелерінің 70 пайызынан астамы – қыз-келіншектер. Аяулы аруларымыз ел болашағы үшін маңызды салада қажымай қара нардың жүгін көтеріп, аянбай еңбек етуде.

Қашанда береке мен бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы бола білетін әйел-аналарға баянды бақыт, дендеріне саулық, қызметтеріне табыс, жарқын бастамаларына сәттіліктер тілеймін. Шуақты мереке күніндей әрқашан көңілдеріңіз көтеріңкі,  жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болсын!  Ойға алғандарыңыз орындалып,  арман-мақсаттарыңыз алға жетелей берсін.  

Құрметпен,
“Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы”
ҚБ төрағасы Айгүл МҰҚАШЕВА

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий