Шексіз шығармашылық: Республикалық байқаудың жүлдегерлері

Алғыс айту күніне орай республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы аталған мерекеге арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтық байқауы ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бейнелеу қызметіндегі, сәндік-қолданбалы өнердегі шығармашылық әлеуетін анықтауына және ынталандыруына, сондай-ақ шығармашылық қызметтерін ынталандыруына және қолдау арқылы оларды әлеуметтік оңалтуына ықпал етеді.

Байқауға ҚР-ның барлық өңірінен 3531 жұмыс қатысты. Ақмола облысынан шығармашылық байқауға 132 оқушы қатысып, оның 81-і номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды: «Казақстан – менің алтын бесігім» (суреттер байқауы), «Алтын қолдар» (сәндік-қолданбалы өнер байқауы), «Қиял-ғажайып әлемі» (ертегілер, әңгімелер сайысы). Біздің қатысушыларды құттықтаймыз! Толық ақпаратты Ақмола облысы ББ ресми сайтынан көруге болады.
