“Content Hub” жобасы үздік үштікте

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары «Meet up»  сайысында жүлдегер атанды. Екі күндік іс-шара «Моментум: қыздарға арналған кәсіпкерлік» жобасы аясында өткізілген болатын, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлікке қызығушылықты арттыру мен білімді, сайысқа қатысушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған жоба  Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауы, «ҚР Тель-Авив университеті достары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің әріптестігінің арқасында жүзеге асып отыр.

Мектеп командасының құрамына енген Нұрай Абылқасымова, Айдана Ерланқызы, Алима Бабакпаева, Даяна Мақұлбаева сынды қыздарымыз  қазылар алқасының назарына «Content Hub» жобасын ұсынды. – «Content HUB» жобасы – заманауи коворкинг және фото / видео студиясы. Жобамен жұмыс барысында қаржылық, маркетингтік, тұтынушылар жайлы жан-жақты талдай келе оның бизнес жоспарын әзірледік. Біздің ойымызша, бұл жоба жастар арасындағы шығармашылықты дамытуға арналған, -дейді Айдана Ерланқызы.

Сайыстан жүлделі үшінші орын мен 50 мың теңгенің сертификатын жеңіп алған қыздарымыз өз жобаларын жүзеге асыруға көмектесетін инвестор мен компания тауып үлгеріпті. Ендігі жоспарлары – бизнестерін өркендету.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий