Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің 4 курс студенттері Жанерке Абдулла,  Ақтоты Бимырзаева және Аида Тағаймұрат «Үздік педагогикалық өнім – 2021» республикалық байқауында «Үздік ғылыми жоба» аталымы бойынша бірінші орынға ие болды. Бұл туралы осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобаның атауы – «Мектеп жасына дейінгі балалардың өлкетану іс-әрекетінде құндылық бағдарын қалыптастыру». Студенттердің ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Ақгүл Жұбандықова. Айта кетейік, екінші Халықаралық педагогикалық оқулары аясында өткізілген «Үздік педагогикалық өнім – 2021» байқауы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау, еліміздің рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру, білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру. Педагогикалық оқулары аясындаға байқауға 435 жұмыс келіп түсті. Соның ішінде 350 қатысушының инновациялық тәжірибесі үздік деп танылған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий