Баянды бақытымыздың бастауы

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезеңі. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Асқақ армандар тоғысқан жылдар тізбегі. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі биыл 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітті. Азаттығын алған ербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі, ойлы арманның орындалған күні.

1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің сайланған мемлекет басшысы, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.  1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде елдің мерейі үстем болды.  Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған мемлекет – Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз.

Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек еді. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды отыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде елордасы арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

Арысы қазақ хандығынан бастап,  берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндетіне айналды. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған бағдарламалық мақаласында қоғамды мазалап жүрген жер мәселесі бойынша тағы бір мәрте нақты жауап берілді. Бұл мақалада егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттар бағамдалып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындалды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басқан еліміз үшін бұл он екі ай толымды істерге толы болуы тиіс. Мемлекет басшысы алғашқы бөлімді «Бағдар мен белес» деп атап. онда осы күнге дейін елімізде атқарылған қыруар шаруалар сараланады.

Алғашқы онжылдықта тәуелсіз мемлекетіміздің саяси және экономикалық берік іргетасы қаланса, екіншісінде керегесін кеңейтіп, тарихын түгендеуге, шекарасын шегендеп, инфрақұрылымдық жобаларға баса мән берілді. Үшінші онжылдықта еліміз индустриялық-инновациялық даму жолын таңдады. Ал алдағы төртінші онжылдықтағы міндет – қуатты елдің иесі және кемел халық болу, – дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. 

А.Қарсақбаев атындағы №41
мектептің тарих пәні бірлестігі,
Алматы қаласының Алатау ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий