Ғибратты ғұмырдың ғанибеті

Қадірменді Шелек политехникалық колледжі директордың оқу-өндірісі ісі жөніндегі орынбасары Серік Байсубанов! Адам баласының ұзақ өміріндегі бел – белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сонда да  кемел жасы алпыстың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес – ау!   

       

Адам – өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Ардақты ағамыздың ғибратты ғұмыры ғанибеттерге толы. Өнегелі өмірі мәнді де, сәнді, мағыналы да, мазмұнды. Серік Алиасқарұлы көктем айының алғашқы күні адам өмір жолының асқар биігінің бір белесіндей шыңға шығып отыр. Аға буын әріптесіміз, отбасының асқар тауы, адал жар, ардақты әке, немерелерінің сүйікті атасын мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Жас ұрпаққа  беруде және ел игілігі жолында әлі де талай тәнті істерді абыроймен атқаратыныңызға кәміл сенеміз.
Ренжітпейтін үлкенді де, кішіні –
Жүрегімен түсінетін кісіні.
Мынау өмір жұмақ болып кетер еді,
Сіздей болса бар адамның пішіні.
Аңқылдап қуана бер, ақтарылып,

Басыңа жарқырасын бақ та күліп.
Әке болдың асқар тау – тұғырыңда,
Ата бол, алпыс жаста атқа мініп
60 жас мерейтойың құтты болсын,
Дос-жаранмен әрқашан орта толсын.

70, 80, 90 мен 100-ге жетіп,
Басыңызға Қызырдың бағы қонсын!
Алпыс та өмірдің бір белесі,
Қартайдым мен демеші.
Туған күнде жыл сайын,
Қуанышқа бөленші!

Ізгі ниетпен:
ұйымшыл ұжымдағы барлық
әріптестердің атынан Бибинур
Алтанқызы және Райхан
Смағұлқызы, Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий