Ғылым саласын цифрландыру сапалы білім беруге бағытталған
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жасағанын барлығымыз білеміз. Бұл еліміз үшін мынадай пандемия жағдайында елеулі саяси оқиғалардың бірі болғаны айтпаса да түсінікті еді. Мемлекет басшысы елімізде қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам дамуының негізгі векторларын белгілеп берді.
Еліміздің әр азаматы Жолдаудан ең алдымен өзінің күнделікті өміріне қатысты мәселелерді шешуге көмектесетін мәліметті іздейді. Бізді қызықтырғаны, жолдаудағы Қазақстан экономикасы үшін цифрлық дәуірдің жаһандық сын-қатерлері мен мүмкіндіктері ескерілгені болды. Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Яғни, қазіргі таңда бұл технологиялар жасақталу үстінде.
Шынында, әлем күрделі өзгерістер кезеңіне аяқ басып, жедел өзгеріп жатқан кезеңде еліміз Қазақстан үшін бұл саланы дамытудың өзектілігі өте жоғары болып отыр. Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Цифрлік сауаттылық – бұл адамзат өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлік сауаттылық – ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, жаңа ғасырдың ең маңызды білімі.
Қазақстан өмірінің барлық салаларын және экономикасын цифрландыру – бұл әлемдік аренада озат позицияларда болу, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі таңда коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны студенттерінің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Цифрландыру тікелей бұрын қол жетімді болмаған жоғары оқу орындары мен мектептер үшін ашылатын цифрлік технологияның оқу құралдарымен байланысты.
Олардың ішінде онлайн оқу аса ерекшеленеді. Халықтың жаңа құзыреттері мен цифрлық сауаттылығын дамыту білім берудегі инновациялар арқылы мүмкін болады. Цифрлық қоғам құру үшін білім беру жүйесін озат әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңарту қажет. Креативтік және сыни ойлауға, сондай-ақ оқу процесінде заманауи білім беру технологияларын қолдануға ден қойылуда. Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салалар цифрлы форматта дамып келеді. Бұл үрдіс қазірдің өзінде экономиканың құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа беріп отыр.
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту өзектілігі әлеуметтік функциясының маңыздылығы – білімді өндіру және түрлендірумен негізделеді, олар қазіргі қоғамдағы еңбек бөлінісінде шешуші рөлді атқарады. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудағы барынша табыстылыққа тек егер білім беру саясатына негізделген барлық бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен жиналған оң әлеуеттен барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрландыру жүйесі өте қажет.
Осылайша, көптеген жоғары оқу орындары білім беру жүйесінің ұзақ мерзімді тәжірибесін талдап, осы әдістің артықшылықтарын түсінді. Бұл жүйе білім беру сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту, заманауи қағаз процестерін жеделдету сияқты мәселелерді шешеді. Бүгінгі таңда студенттердің электрондық паспорты, сабақтар мен үй тапсырмасының кестесі, сынақ кітапшалары, жатақханалардан орынмен қамтамасыз етілуі және конкурстық оқуға түсуі цифрландыру арқылы жүзеге асырылып отыр. Аталған цифрлық ресурстар онлайн және оффлайн режимдерде қолжетімді.
Бүгінде ақпараттық технология саласындағы білім сапасын арттыру мақсатында университеттер рейтингі әзірленген. Мұндай қадам жоғары оқу орындарында бәсекелестіктің артып, оқу сапасының жақсаруына жәрдемдеседі. Уақытқа сай тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру. Жоғары білім беруде «Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі» жұмыс жасайды, ол ақпараттық жүйелерді ықпалдастырудың көмегімен толығады, осылайша әрбір оқушының мәртебесі бойынша өзекті мәліметтерді әрдайым көруге мүмкіндік береді.
Ғылым саласында барлық ғылыми гранттарға өтінім беру, есептер қабылдау, мақалаларды есепке алу, электронды мекен-жайлар базасы цифрландырылды. Цифрландыру жобасының басты мақсаты – ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеру. «Цифрландыру» бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыратын жетістік кепілі. Қазіргі ақпараттық технологиялар дегеніміз–цифрлы сана мен технологияларға қол жеткізудің басты алғышарты. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек.
Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді; нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады; материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Цифрландыру барысында біздің университеттер мен зерттеу шаралары байланысты болғаны жөн.
Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Ал бұл қағидаттарды өмір салтымызға айналдыру үшін жас ұрпақты жаңаша тәрбиелей білуіміз шарт. Ал тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі отбасында жатқаны баршамызға аян.
Президентіміздің алға қойған міндеттерін орындау мақсатында «Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының ұжымы да өз үлесін қосуда. Қазіргі кездегі ең сұранысқа ие мамандықтардың рейтингінде жетекші орында IT- мамандары тұр. IT мамандары – бұл компьютерлердің және ақпараттық технологиялардың саласында терең білімге ие мамандар. Олардың қатарына ақпараттық жүйелер мамандары, жүйелік әкімшілік басқарушылар, компьютерлік модельдеуші мамандар, бағдарламалаушылар жатады. «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасы мынадай білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды.
«6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқыту бағытының коды және атауы бойынша «В057-Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламаларының тобына кіретін: 6B06120-«Ақпараттық жүйелер» және 6B06140-«Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, М094 -Ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламаларының тобына кіретін: 7М06120 – «Ақпараттық жүйелер» және 7М06140–«Математикалық және компьютерлік модельдеу» бағдарламасы бойынша магистрлар дайындайды.
2021-2022 оқу жылына IT мамандықтарына талапкерлерді көптеп тарту және бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау мақсатында, еңбек нарығындағы сұраныстарды ескере отырып 1 жаңа «Жасанды интеллект технологиялары» және 1 инновациялық «Виртуальды шындықты модельдеу және құру» білім беру бағдарламасы даярланып жатыр. Бұл мамандықтарды бітіргеннен кейін мына салаларда: жүйелік әкімшілік программисті; әкімшіліктердің ақпараттық технологиялар бөлімінде; телекоммуникация саласы қамтылған.
Және машина жасау, логистика, металлургия, транспорт салаларында ақпараттық жүйелерді құру және сүйемелдеуші; салық органдарында; экономика саласында; банк жүйесінде; халыққа қызмет көрсету орталықтарында; ұйымдық-басқару мекемелерінде маман, бас маман, бас инженер, инженер-программист; орта-арнайы және техникалық білім беру оқу орындарында математика, информатика пәнінің мұғалімі; математик-программист болып жұмыс атқара алады. Ендеше ынтымағы жарасқан тәуелсіз қазақ жерінде әрбір азамат елдігіміз бен тәуелсіздігімізді паш етіп, бейбіт өмір сүруімізге өз үлесін қосса, бауырмалдығымыз бекіп, тұрақтылығымыз нығая түсері анық.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды болсын. Біз өз мемлекеттілігімізді саналы түрде бағалап, еліміздің жетістіктеріне шын жүректен мақтануымыз керек. Дербес жұртымыздың таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін. Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат. Сондықтан да бәріміз еліміз үшін еңбектенуіміз, халқымыз үшін қызмет істеуіміз керек.
Жалғасбек Дулатұлы ИЗТАЕВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ ақпараттық
жүйелер және моделдеу кафедрасының
меңгерушісі, педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент, Шымкент қаласы