Жаңартылған бағдарлама: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісіндегі тиімді әдіс-тәсілдер
Қазіргі таңда білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекеме педагогтарының алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мектепке дейінгі білім берудегі модернизациялық өзгерістер тәрбиешіге мектепке жасына дейінгі балаларды оқытудың нысандары мен әдістерін таңдауда еркіндік береді. Қазіргі оқытудың басты нәтижесі бала оның дамуына, тұлғаның интегративті қасиеттерін қалыптастыруға қаншалықты ықпал еткенін меңгергені болып табылады.
Тәрбиеші таңдаған оқыту түрі зияткерлік операцияларды қалыптастыруға, тапсырмаларды шығармашылық шешу және бастаманы көрсету үшін жағдай жасауға, дербестік пен жауапкершілікті үйретуге, балалардың өз мінез-құлқын еркін басқаруға үйретуге тиіс. Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде мектепке дейінгі мекемелерде оқытудың әдістері тиімді қарастырылған. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процесіне STEM-білім беруді енгізу өзектілігі үлгілік оқу бағдарламасының пәндік-кеңістікті дамыту ортасын қалыптастыруға, мектеп жасына дейінгі ересек баланың кең дүниетанымын дамыту қажеттілігіне және әмбебап оқу іс-әрекеттерінің алғышарттарын қалыптастыруға деген талаптарына негізделген.
STEM-тәсіл балаларға әлемді жүйелі түрде зерттеуге, айналада болып жатқан құбылыстардың логикасын ұғынуға, олардың өзара байланысын анықтауға және түсінуге, өзі үшін жаңа, ерекше әрі өте қызықты дүниені ашуға мүмкіндік береді. Жаңа нәрсемен танысу сәтін күту білуге құмарлықты және танымдық белсенділікті дамытады, атап айтсақ: өзі үшін қызықты тапсырманы анықтау, оны шешу тәсілдерін таңдау және алгоритмін құрастыру, нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалау машығы қажет, бұл инженерлік ойлау стилін; командамен жұмыс істеу машығын қалыптастырады.
Осының бәрі бала дамуының түбегейлі жаңа, аса жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және болашақта кәсіп таңдауда ауқымды мүмкіндіктер береді. Робот техникасымен, бағдарламалаумен, құрастырумен айналысу балаларды шығармашылық ойлауға және бірегей өнім шығаруға ынталандырады. Бұл жекелеген бала үшін ғана емес, сонымен бірге жалпы еліміз үшін табысты болашақтың кепілі. Балаларды робот техникасына машықтандыруды барынша ерте бастау керек, себебі инженер мамандықтарына деген қызығушылық бес жастан бастап пайда болады. Бұл қызығушылықты мектепте ғана емес, сонымен бірге балабақшада барынша дамыту әрі жетілдіру керек.
Мектеп жасына дейінгі балалар арасында жыл сайын робот техникасының танымалдығы артуда. Ол балалардың кеңістіктік ойлауын, логикасын қызықты нысанда дамытуға мүмкіндік береді, шығармашылық ойлауға, талдауға машықтандырады. Инновациялық технология – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқудың әдіс-құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы болып табылады. Инновациялық технологияда мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы десек, ал аталған озық әдістемені қажетінше педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу педагогтың педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлері қолданылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар аз емес және олар оң нәтижелерге жеткізуде. Тұлғалық бағдарлы технологиялар – бұл білім беру жүйесінің ортасына бала тұлғасын қояды, даму жағдайына жайлы, жанжалсыз және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз етіп, табиғи шығармашыл әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тұлғалық қарым-қатынасына басымдығына ерекше көңіл аударып, іс-әрекет субъектісі ретінде баланың жан-жақты, еркін және шығармашылықпен дамуын мақсат етіп қояды. Басқа да тұлғалық-бағдарлық технологиялар бар:
Зерттеушілік (мәселелік-ізденушілік). Бұл технологияға тән сипат педагогтің «жаңалықтар ашу арқылы оқыту» үлгісін жүзеге асыру болып табылады. Коммуникативті (пікір-талас). Бұл технологияның ерекшелігі зерттелетiн сұрақтар бойымен әр түрлi пiкiрлерді сипаттайтын, оларды салыстырып, пiкiрсайыстарды шынайы пiкiрдi талқылау арқылы iздестiру болып табылады. Имитациялық үлгілеу (ойын). Бұл технологияға тән ерекшелік білім беру кеңістігінде өмірлік маңызды кәсіби қиыншылықтарды үлгілеу және оларды шешу жолдарын іздестіру болып табылады. Психологиялық (өзін-өзі анықтау). Берілген технология осы немесе басқа білім беру іс-әрекетін орындау бойынша баланың өзін-өзі анықтауын жүзеге асырады.
Іс-әрекеттік. Бұл технологияға тән сипат баланың алдағы іс-әрекетті жобалап, оның субъектісі болу мүмкіндігі болып табылады. Рефлексивті Бұл технологияның ерекшелігі баланың іс-әрекетті яғни, қандай тәсілдер арқылы нәтижелер алынды, соның барысында кездескен қиыншылықтар, олар қалай шешілді және бұл ретте ол не сезінгенін түсінуі болып табылады. Егер барлық технологиялардың ерекшеліктерін біріктірсек, онда интегралды технология пайда болады. Интегралды технологияның өкілдерінің бірі жобалық іс-әрекет болып табылады, оның негізіне белгілі мәселені шешуге іріктеліп алынған жоба жатады.
Проблемалық-жобалық технологияның мәні белгілі бір мәселелерді шешу және жолдарын іздестіруге балалардың қызығушылықтарын ынталандырудан құрылады. Ол балалардың танымдық материалда проблеманы анықтап, педагогпен бірге белгілі бір жобаны әзірлеп, оның шешу жолдарын бірігіп табуды баяндауын болжайды. Жобамен жұмыс істеу нәтижесінде баланың ойы белсендіріледі, білім, білік дағдыларын шебер меңгеруі жүзеге асады. Берілген технологияны қолдану дербестікке үйретеді, шығармашыл бастамашылығын дамытады. Қоршаған ортамен таныстыруда, ойындар мен еңбек іс-әрекеттерін ұйымдастырғанда, қарапайым математикалық түсініктері мен әңгімелесу дағдыларын қалыптастыруда тиімді.
Қазіргі таңда жобалау іс-әрекеті өзекті әрі өте тиімді әдіс, себебі ол мектепке дейінгі жасқа тән болып келетін эгоцентризмді жеңуге, іздемпаздықты, интеллектуалдық инициативаны қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға, ересектердің көмегімен немесе өз бетінше мәселелердің шешімін анықтау қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды. Жобалау іс-әрекетімен жұмыс жасау кезінде мына кезеңдерді бөліп қарастырған: Тақырыпты анықтау. Мәселені қою; Мақсаттар мен міндеттерді анықтау; Жүзеге асыру (топтарды ұйымдастыру, топтарда рөлдерді бөлу, әдіс-тәсілдерді таңдау, жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру); Презентация (таныстыру).
Педагогтер оқу үшін қолайлы орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ересектер ең алдымен балалардың өздерін әрдайым қорғалатын және қамқорлық аясындағы адам, яғни құнды тұлға ретінде сезінуін қамтамасыз етеді. Оқыту барысында балалардың өз даму қарқынын сақтап, оларды асықтырмай, әр бала үшін қолайлы әдіс-тәсілдермен қолдау көрсетілгені орынды. Балалардың уақыты олардың іс-әрекетке белсенді қатысуға және өз идеяларын іске асыруға мүмкіндігі болатындай, сондай-ақ өз зерттеулеріне немесе шығармашалық жұмыстарына қайта орала алатындай етіп басқарылу керек.
Балалардың уақыты олардың іс-әрекетке белсенді қатысуға және өз идеяларын іске асыруға мүмкіндігі болатындай, сондай-ақ өз зерттеулеріне немесе шығармашалық жұмыстарына қайта орала алатындай етіп басқарылу керек. Ересектер ұйымдастырылатын жұмыстардың қарқынын басқара отырып, балаларға өз жұмысын қайта қарастыруға, жалғастыруға, өзінің шебер орындауына сүйсінуге мүмкіндік бере отырып, алуан түрлі жаңа тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау арқылы оларды ынталандыра білуі тиіс. Қортындылай келе оқу қызметін ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылау үшін қолданылатын әртүрлі әдістер мен құралдарды педагогтер іріктеп таңдайды.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту үдерісі оқушылардың өздерінің белсенді әрекетімен сипатталатынына назар аудару аса маңызды. Бұл жағдайда педагог оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырушы болып табылады. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешінің терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан баланың рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана тәрбиеші балабақша табалдырығынан бастап қалыптастыра алады. Тәрбиеші балалар үшін қандай да бір тәрбие мен білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқу қызметтеріндегі еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.
Жаңа заман тәрбиешіден күнделікті балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның тәрбиешісі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдайалатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Анар Мәкетайқызы ЖАҚЫПБЕКОВА,
№1 “Арай” балабақшасының меңгерушісі,
Алматы облысының Алакөл ауданы, Үшарал қаласы