Химия пәнін жаңаша оқытудың жолдары
Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.

Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Осы орайда білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияларды қолданып еліміздегі білім беру қызметін сапалы деңгейге көтеру мұғалімдер қауымына жүктелген зор жауапкершілік. Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Химия пәнін оқытудың тиімді жолының бірінші міндеті пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу жэне түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады.
Жер туралы ғылымдар (геология, минералогия жэне тағы да басқалар) минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың құрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып, түсіндіруге тырысады. Екінші міндет – -табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру. Үшінші – химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.
Химия пәнін оқытудың тиімділігінің басты жолы теория мен практиканың қатар жүруі. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр түрлі жүзеге асырылуы мүмкін.
Әйгерім Нұрланқызы БӘКІРОВА,
№6 Шұбарқұдық мектебінің химия пәні
мұғалімі, Ақтөбе облысының Темір ауданы