Балабақша: Бар ізгіліктің бастауы

Балабақша – баланың жүйелі түрде білім, тәрбие алатын ең алғашқы қоғамының ошағы. Мектепке дейінгі тәрбие орталықтарының өскелең жас ұрпаққа беретін тәлімі қаншалықты мықты болуы, қызмет ететін педагогикалық ұжымның құрамындағы жекелеген тәлімгерлерге тікелей байланысты. Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақ иесін, ұлтын тәрбиелейді.

Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамызға жүктелер, жауапты міндет. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі де білімді болып еліміздің мақтанышына айналуына №6 «Нұрсәуле» бөбекжай ұжымы да өзіндік үлесін қосуда… Алаш арысы Мағжан Жұмабаев айтқандай «Тәрбие-адам баласын кемел жасқа толып, өзіне –өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» деп көрегендікпен айтып кеткендей біздің бөбекжайының педагогтары өз білімдерін шыңдап,болашақ, жас өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде.

Тәрбиеленушілер «Бала дарын», «КEMEL», «Жарқын болашақ», «camuryq “o’ner-bilim», «Дарын», «аltyn gasyr», «Өрлеу Қазақстан», «Таlantty jastar», «Дарындар әлемі», «Бала шабыты», «bilim qazaqtan», «жаңа білім», «qazaq qogam», «Данышпан», «Аlash» ұйымдастырған республикалық байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Сонымен қатар еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып,парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» облыстық байқауының қалалық кезеңінде «Ең белсенді отбасы» номинациясын Амантай Аяла иеленді.

«Алтын кітап» ҚР білім, ғылым, мәдениет, өнер, тәрбие, әлеуметтану, экономика, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы үздік қызметкерлердің «Таңдаулы тұлға» энциклопедиясына жетістіктері жарияланып, «Егемен еліміздің үздік ұстаздары», «Білім саласының үздігі», «Үздік ұстаз-2020», «Мәдениет саласының үздігі», «Жыл тәрбиешісі-2020», «Үздік тәрбиеші-2019», «Абай Құнанбайұлы» төсбелгілерімен Калифанова А.Т., Серикпаева Б.А., Слямбекова К.Т., Мухитова З.С., Жакупова С.О., Малгаждарова А.О., Молдамсеитова А.Р., Бекбосынова Г.Г., Койшибекова В.Ю., Абдрахманова А.Қ., Мансурова З.А. марапатталды.

“Дана бала» республикалық ғылыми-ақпараттық әдістемелік журналына педагог-психолог Рахметова А.Қ., тәрбиеші Жиенбаева А.Н. тәжірибелерін таратты. Сонымен қатар бөбекжайдың тарихы және бес жыл көлеміндегі жетістіктерімен бірге бөбекжай меңгерушісі Болатбекова Кымбат Болатбекқызының «Отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі рөлі» мақаласы, әдіскерлер Калифанова Алия Төлеуқызының «Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері», Джамбаева Лаура Жумабекқызының «Асық- дамытушы танымдық ұлттық ойын» тақырыбында мақалалары «Инноватор» республикалық ғылыми педагогикалық, мәдени-ақпараттық, танымдық журналының №8 (12) 2020 санына басылып шығарылып және  ұжымымызға «Үздік инновациялық мектепке дейінгі білім беру мекемесі» аталымы табысталды.

Осындай ұлы ұстаздарға тәрбиелеу мен тәрбиеленудің, ұстаздық пен шәкірттіктің табиғи арнаға түсіп, ардақты да беделді орынға ие болуы, игі істермен сабақтасып жатқанындығы шындық. Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын шығармашылықтағы адам-нағыз педагог деп білеміз.

Алия КАЛИФАНОВА,
№6 “Нұрсәуле” бөбекжайының
әдіскері, ШҚО, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий