ҚР техникалық жоғары оқу орны алғаш рет QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS BY SUBJECT 2021 ғаламдық рейтингіне енді

Қазақстанның білім беру тарихында Сәтбаев Университеті алғаш рет халықаралық ең беделді рейтингтердің бірі – QS WUR by Subject рейтингіне Petroleum Engineering пәні саласында Инженерия және технологиялар (Engineering and Technology) категориясы бойынша енді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.


Университеттің биылғы әлемдік рейтингте 101–150-орын алуы қорытынды нәтиже берді, оның үстіне Сәтбаев Университеті бұл категория бойынша Қазақстаннан жалғыз өкіл болды. Бұл рейтингке биылғы жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ бірінші рет қатысып, Arts and Humanities, Social Sciences and Management және Natural Sciences категориялары бойынша жүлделі орындарға ие болды.

QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS BY SUBJECT әдістемесі төрт негізгі көрсеткіштен тұрады: университеттің академиялық беделінен, жұмыс берушілер арасында университеттің беделі, Хирш индексі және басылымдарға сілтемелер жасау.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий