Қостанай өңірлік университеті талапты жастарды қолдайды
Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кезекті бағдарламаның көркі – X-Factor тележобасының 8-ші маусымының жеңімпаздары «BRO» дуэті. Ағайынды әншілер тек облыстың ғана емес, университеттің де абыройын асқақтатты! Бекболат – А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенті, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
«BRO» дуэті мерекелік концертте өздерінің бірнеше шығармаларын орындап, көрермендер ықыласына бөленді. Осы сәтті пайдаланып, оқу орнында өткен жылы құрылған Түлектер қауымдастығы өнерпаз жігіттерді жеңістерімен құттықтады. Қауымдастық атынан «Жас-Қанат 2006» ЖШС-нің бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Дәурен Ниязбаев тележоба жеңімпаздарына 1 000 000 теңге сомасындағы сертификат және «Жеңімпаз» статуэткасын табыстады.
Загрузка...Университет дарынды жастарды қолдайды және студенттердің жан-жақты дамуы үшін барынша жағдай жасайды. Baitursynov university Түлектер қауымдастығы да оқу орнының талапты жастарының барлық бастамаларын қолдау, көмек көрсету мақсатында құрылған болатын.