Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының батысқазақстандық жеңімпаздары

Білім және ғылым министрлігінің (20. 26. 2013 ж, №61)  «Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша жыл сайынғы халықаралық зерттеу жобалары байқауын ұйымдастыру туралы» бұйрығын орындау барысында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы биылғы наурыз айының алғашқы күндері қашықтан ZOOM платформасында Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XI халықаралық зерттеу жобаларыны жарысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Негізгі мақсат – математика және механика саласындағы ғылыми – зерттеу саласына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау. Еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс қашықтықтан онлайн режимде өткізілді. Биыл Конкурс Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Сайысқа Түркия, Индонезия, Франция, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан және еліміздің барлық өңірлерінен қатысушылар математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша www.webinar.daryn.kz платформасында жобаларын қорғады.

Білім бәсекесінің қорытындысы бойынша Орал қаласы білім беру бөлімінің №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Пиунов Александр, Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Прохорова Алина, Бөкей орда ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Жексенбаев атындағы «мектеп – бөбекжай» кешенінің 8 сынып оқушысы Наурыз Аружан және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының  8 сынып оқушысы Жасқайрат Аяулым ҚР Білім және ғылым министрінің  екінші дәрежелі дипломы мен күміс медалды иеленді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий