Мамандықтар әлемін ашамыз: Республикалық форумның облыстық іріктеу кезеңі қорытыланды

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды аймақтағы осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқау еліміздің еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тартуға бағытталған. Байқауға облыстың 14 ауданы (Аршалы, Астрахан, Қорғалжын, Шортанды, Бұланды, Сандықтау, Зеренді, Жақсы, Жарқайын, Ерейментау, Бурабай, Есіл, Ақкөл, Атбасар) мен 2 қаласынан (Степногорск, Көкшетау) жалпы саны 97 білім алушы қатысты.

Атап айтқанда, «Осындай мамандық бар» номинациясы бойынша 27 жұмыс, «Мамандық: кеше, бүгін, ертең (вайндар байқауы) номинациясы бойынша 13 жұмыс, «Мамандық таңдайтын уақыт» (видеовлогтар байқауы) номинациясы бойынша 10 жұмыс, «Мен – мамандықтар әлемінде» (эссе) номинациясы бойынша 47 жұмыс келіп түсті. Байқау жұмыстарын келесі құрамдағы білікті қазылар алқасы бағалау өлшемдеріне сай бағалады.

Абиева Камила Қойшыбайқызы – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің гуманитарлық ғылымдар магистрі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; Китарова Ғалия Сырымқызы – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің білім беру магистрі, ағылшын пәнінің оқытушысы; Есімова Ботагөз Қосайқызы – облыстық ішкі саясат басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ағылшын тілі оқытушысы; Жанделдінова Динар Ерғалиқызы – облыстық ішкі саясат басқармасы оқу-әдістемелік орталығының қазақ тілі оқытушысы; Абилькаир Серик – жоғары техникалық колледжінің информатика пәнінің мұғалімі; Тоқтағанова Айнұр Сағындыққызы – жоғары техникалық колледжінің информатика пәнінің мұғалімі; Есекеева Мәнсия Мұхтарқызы – облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ төрайымы.

Қазылар алқасы отырысының қорытындысына сәйкес келесі білім алушылардың жұмысы үздік атанып, республикалық форумға жолдама алды: «Осындай мамандық бар» номинациясы қазақ тілінде: Василевская Яна (Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №1 МГ); орыс тілінде: Буторин Андрей («Bolashaq saraiy», Көкшетау қаласы);ағылшын тілінде: Эйхвальд Екатерина (Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беру мектебі). «Мамандық таңдайтын уақыт» (видеовлогтар байқауы) номинациясы қазақ тілінде: Жұмабекқызы Гүлнұр (Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі); орыс тілінде: Васильева Анна (Аршалы ауданы, Ижевское ауылының жалпы білім беру мектебі).

«Мен – мамандықтар әлемінде» (эссе) номинациясы бойынша қазақ тілінде: Батырбекова Шырын (Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №9 МГ); орыс тілінде: Савина Ангелина (Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беру мектебі); ағылшын тілінде: Умарова Лаура (Сандықтау ауданы, Максимовка ауылының жалпы білім беру мектебі). «Мамандық: кеше, бүгін, ертең (вайндар байқауы) номинациясы бойынша қазақ тілінде: Омурбаев Ернұр (Атбасар ауданы, Тимашевка ауылының жалпы білім беру мектебі); орыс тілінде: Довгаль Александр (Степногорск қаласының Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты».

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий