Аудан әкімі ерекше білімді қажет ететін оқушылардың аналарына сыйлық үлестірді
Баянауыл ауданының әкімі Қанат Сәрсенұлы Кәрімов «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ерекше білімді қажет ететін және қамқоршылықтағы оқушылардың әжелеріне, аналарына, апаларына, тәтелеріне сыйлық үлестірді. Алғашқылардың бірі ретінде №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Жәния Мәкеннің әжесі Орынтай Мәкеноваға табысталған болатын.
Содан соң 6-сынып оқушысы Әлім Қабдуланың анасы Гауһар Асқарова, 8-сынып оқушысы Гүлмарал Бәкібайдың қамқоршы тәтесі Гауһар Айтимбетова және №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Екатерина Портье мен 9-сынып оқушысы Роман Портьенің қамқоршы анасы Галина Николаевна Яковина, 11-сынып оқушысы Айша Хамзаева, 8-сынып оқушысы Шаимжамал Хамзаева, 4-сынып оқушысы Жасұлан Хамзаевтің қамқоршы апасы Әйгерім Қожахметоваға құрмет көрсетілді.
Жалпы аудан бойынша 67 оқушының аналарына сыйлықтар ұсынылғанын айрықша атап айтқанымыз абзал. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні баршаңызға құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін! Жылдың әр күні Сіздерге және жанұяларыңызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін.
Мәншүк Тынысқызы ШУМАҚОВА,
Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің
әдіскері, Павлодар облысы