Мұғалімнің еңбегі оқушылардың жеңісінде

Олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды, 451 қатысушының 226–ы жүлдегер атанды. Барлық жеңімпаздар мен олардың тәлімгерлерін құттықтай отырып, бірден бірнеше оқушысын жеңіске жеткізген мұғалімдерді атап өту керек. Бұл кәсіби шеберлігі мен таланты балалардың дарындылығын дамытуға бағытталған облыста және одан тыс жерлерде танымал мұғалімдер, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Наурыз айының 4-і күні білім басқармасында осы педагогтарға құрмет көрсетілді. Басқарма басшысы Зәуре Байменова мұғалімдерді құттықтай отырып, оларға Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағынан грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Марапатталғандардың қатарында дарынды балаларға арналған «Білім –Инновация» лицей-интернатының үш педагогы бар.

Физика мұғалімі Жеңіс Кенжекей олимпиаданың жеті жүлдегерін даярлаған. Төрт жүлдегерді химия мұғалімі Сұлтан Құрманғалиұлы Ахметов пен информатика мұғалімі Махмұд Жұманиязов дайындаған. Талантты мұғалімдер тек қана дарынды балаларға арналған мектептерінде жұмыс істемейді. Марапатталғандардың ішінде бірден үш оқушысы жүлдегер атанған педагогтар Қостанай қаласының № 1 мектеп-лицейінің биология мұғалімі Кириченко Ирина Георгиевна және Қостанай қаласының№23 ОМ география мұғалімі Калинина Татьяна Юрьевна.

М. Горький атындағы гимназиясы педагогтарының да 3-ден жүлдерлері бар: неміс тілі мұғалімі Филинкова Любовь Семеновна және француз тілінің мұғалімі Шипова Светлана Валентиновна. Педагогтарды құттықтай отырып, олардың оқушыларына жаңа жарқын жеңістер тілейміз, өйткені алда – олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңі бар!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий