Тәлімді тәрбиешілерге арналған мерекелік жыр шашу

Абыройлы болған іскер, жан-жақты,
Әр ісіне болған мықты, салмақты.
Мерекеңіз құтты болсын апайлар,
Атап айтсақ: Ақмарал мен Ардақты.
Әсем, Назгүл, Гүлжан, Назым, Ардақ бар,
Өз істерін таудай оймен салмақтар.

Сайысқа түсу керек болса егерде,
Осылардың әрқайсысын таңдап қал.
Эльмира мен Айгүл және Айгерім,
Барлығың да, балаларға жайлы едің.
Айтпай кеткен жөн болмас Ұлмекенді
Әнін айтып, даусын өрге көтерді.

тәрбиеші тәлімгер Гүлнұр СӘРСЕНБАЕВАға

Қуанышпен атап өттік бұл күнді,
Әр ісіне тиянақты, сүйкімді.
Жұмысыңа табыс тілеп ұжымың.
Құттықтаймыз Теңізбайқызы Гүлнұрды.
Көмек қолын созып жүрер әр күні,
Жұмыс жасар ғаламтормен әр түні.

Тренингтер өткізеді сан түрлі.
Әр сабағы қызықты, әрі тартымды.
Тәрбиелеп әрбір шәкірт санасын,
Көңілдерін бірден тауып аласың.
Әр адамға құрметпенен қарайсың.
Жұмысыңа тек сәттілік, жарайсың!

Ізгі лебізбен –
Назгуль Турысбековна ЖАЛБАҒАЕВА,
“Күншуақ” бөбекжай балабақшасының
тәрбиешісі,
Алматы облысының Іле ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий