Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті күміс жүлдені иеленді

Наурыз айының алғашқы аптасында күндізгі қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылған WorldSkills стандарттары бойынша Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің қатысуымен Хабаровск өлкесінің III халықаралық чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ресей, Жапония, Қытай, Малайзия, Үндістан, Қазақстан, Корея Республикасы және Беларусьтен келген 33 қатысушы «Графикалық дизайн», «Өнеркәсіптік дизайн», «CAD инженерлік дизайны», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер» сияқты бес құзыреттілік бойынша жарысқа түсті.

Әділ сот төрелігіне 45 сарапшы, оның ішінде жеті тәуелсіз сарапшы жауапты болды. Тәуелсіз еліміздің намысын Қостанай автомобиль көлігі колледжінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алатын 4 курс студенті Глеб Ихласов қорғады.

Қиын сынақтардың барысында ол «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың күмісін иеленді. Біздің чемпионды осы құзыреттілік бойынша өңірлік және ұлттық алаңның бас сарапшысы Николай Сергеевич Булат, ҚАКК директорының IT технологиялар жөніндегі орынбасары дайындаған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий