Көрнекті ғалым атындағы халықаралық байқаудың ақмолалық жеңімпаздары

«Дарын» республиклық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетімен бірлескен түрде математика және механика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы зерттеу жобаларының ХІ залықаралық байқауы ұйымдастырылғаны белгілі, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Білім бәсекесі көрнекті ғалым Өмірбек Жолдасбековтың еңбегін есте қалдыруға бағытталған. Биыл отандық ғылымда өзіндік қолтаңбасы бар танымал тұлғаның туғанына тоқсан жыл. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты байқау онлайн форматында өтті. Конкурсқа Франция, Индонезия, Түркия, Тәжікстан, Қырғыстан мемлекеттерінен және еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам оқушы қатысты.

Сайыстың негізгі мақсаты – мектептегі математикалық білімді дамытудағы барынша ықпал тигізу, оқушылардың зерттеу қызметтерін ұйымдастыру және инфрақұрылым жүйесін жетілдіру. Бұл байқауға біздің аймақтан сегіз үміткер ғылыми жобаларын ұсынып, бақтарын сынаған болатын. Қатысушылар өздерінің жобаларын математика, қолданбалы математика, экономика, механика секцияларында қорғады.

Соңғы қорытындының нәтижесінде облысымыздың намысын қорғаған оқушылар марапатталды. Күміс медальмен Бокшан Иван – Бұланды ауданы, Новобратский орта мектебінің 11 сынып оқушысы,
Қола медальдармен – 3 қатысушы, Черненкова Мария – Бұланды ауданы, Макинск қаласы №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, Нурпанова Риза – Бурабай ауданы, Щучье қаласы №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, Давлетов Амир – Бурабай ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта үлкен белестерден көрінулеріне тілектеспіз!!!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий