Рухани акция: Кітапханаға кітап сыйла!
Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасына сәйкес «Кітап оқитын мектеп – оқитын ұлт» жаңа жобасы қолға алынып, іске асырыла бастады. Бұл рухани акциянға үн қосу шеңберінде біздің де білім ордасындағы кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла» шарасы ұйымдастырылды.
Шараның бастамасы ретінде жас маман Оришевский Даниил Валерьевич өзінің жеке кітапханасынан отызға жуық түрлі тақырыптағы туындыларды сыйлады. Олардың арасында «Путешествие в страну чудес», «Канбак шал; Казахские народные сказки», «Сборник научно – фантастических произведении англииских и американских писателей» сынды өскелең жас ұрпаққа қажетті орыс және шет ел жазушыларының басқа да таңдаулы шығармалары бар.
Кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған бағалы бастама басқа да жанашыр жандардың тарапынан кеңінен қолдауға ие болуда. \алдағы уақытта оқушыларға бос уақыттарын тиімді пайдаланып, үнемі іздену арқылы тұлғалық болмысын дамыту үшін жаңаша жетістіктерге жетелейтін көркем әдебиеттер мен ғылыми әрі танымдық кітаптарды жиі оқуды тұрақты дәстүрге айналдырса уақыттың үдерісінен табылары даусыз. Бұл – қазіргі кездің ең басты да талабы.
Жанат НУРАЛИНА,
Шақат орта мектебінің кітапханашысы,
Павлодар облысының Павлодар ауданы