Оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс пен тәсілдер

Сауаттылық – адамның одан арғы өмірінің дұрыс өрбуінің алғашқы іргетасы, адамның сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасау, тез бейімделу және сол ортада әрекет ете алу қабілеттілігі. Қазіргі сауаттылық баланың тек оқи, жаза алуымен шектелмейді. Керісінше, күнделікті өмірде еңбек әрекетіне араласу барысында кез-келген жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім қабылдауы. Яғни, кез-келген ортада алған білімін, мүмкіндігін көрсете алуы. Біз көп жағдайда функционалды сауатсыз екенімізді қиындықпен бетпе-бет келгенде ғана сезіп жатамыз.

Мысалы, аяқ астынан жағдай өзгергенде, кәсіп ауыстыруға тура келген кезде, қолымызға таныс емес зат тигенде, жаңа бағдарламамен немесе құрылғымен жұмыс жасарда, кесте, схема, карта, банкомат дәне тағы да басқалар. Демек, баланың әлеуметтік ортаға тез сіңісіп, өзін жариялай алуы үшін осындай жағдаяттардан жол тауып  шығуға мектеп қабырғасынан бастап әр түрлі тапсырмалар арқылы үйретуіміз қажет. Әрине, алыстан іздеудің қисыны жоқ, қазіргі жаңартылған білім бағдарламасындағы оқу мақсаттарының бәрі оқушыны танып білуден, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне қарай жұмыстануға бағытталған.

Осы оқу мақсаттарына сай тапсырмаларды дұрыс құрастырып беретін болсақ, оқушыларымыз функционалды сауатты болып шығары сөзсіз. Осы айтылған ойымды өз тәжірибемнен мысалдар келтіре отырып дәлелдейін. 2-4 сыныптардың әдебиеттік оқу пәнінің бағдарламасында 2.1 «Оқу түрлерін қолдану» бөлімшесінде спиральді түрде берілген оқу мақсаттары мынадай:

2.​2.​1.​2
шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

3.​2.​1.​2
шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу

4.​2.​1.​2*шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

Бұл мақсаттар оқушылардың оқу сауаттылығын біртіндеп күрделендіру арқылы дамытуға бағытталғаны көрініп тұр. Енді осы мақсаттарға жетуде қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қандай тапсырмаларды қолданғаныммен бөлісейін. Бұл оқу мақсаттадағы ең негізгі тұс-қажетті ақпаратты тауып оқу. Оқи отырып, шығармадағы қажетті ақпаратты ажырата алу білігін дамытуда суретті сызба, кесте, сұрақтар тапсырмалар арқылы орындату тиімді. Екінші сыныпта оқушылардың көпшілігінің іштей оқу дағдысы деңгейі көпшілігінде төмен болады, тек дауыстап оқығанда ғана мәтін мазмұнын түсінеді. Сондықтан, іштей оқи отырып, қажетті ақпаратты дұрыс белгілей алуы үшін оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып суретті кестелер бердім.

Кестенің суретпен болатын себебі, 2-сынып оқушылары көп сөзбен берілген тапсырмадан гөрі суретпен немесе өзіне қызықты белгілермен берілген тапсырманы орындауға қызығушылығы жоғары болатыны белгілі. Қадыр Мырзаәлидің «Не үшін?» өлеңін оқымас бұрын оқушыларға мынадай суретті кесте таратылды. Тапсырма: Өлеңді оқып, суреттегі дене мүшелері не үшін қажет екенін жазып шық. Жұпта орындайды. Кесте:

Дене мүшесі

Не үшін керек?

Ақынның жауабы

Сенің жауабың?

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Енді осы оқу түрлерін қолдану бөлімшесі 4-сыныпта күрделенген мақсатпен беріледі. Ол мақсатқа жетуде кестелер суретпен емес сұрақ түрінде күрделеніп келеді. Мысалы, 4-сынып. Ш.Садырхан. «Азамат бол!» Жеке жұмыс. Тапсырма: Өлеңдегі қажет ақпаратты тауып, сұраққа жауап жаз.

Әкесінің «Кім болсаң да, өзің біл» деген сөзін қалай түсіндің?

Әкесінің айтқан ойларының қайсысы маңызды?

Өлеңнің негізгі ойын білдіріп тұрған шумақты белгіле.

 

 

 

Бұл нені аңғартады? Яғни, 2-сыныптан бастап шығармадағы ақпаратты тауып, іштей оқуға дағдыланған бала, 4-сыныпта мәтінді не өлеңді түсініп оқи алады, оқу сауаттылығы қалыптасқан, сондықтан сұраққа жауап бере алуы тиіс екенін білдіреді. Келесі тапсырмалар түрі мәтінмен тікелей сұрақтар бойынша құрастырады. Оқушы оқыған шығармасын қаншалықты түсініп оқығанын және алдыңғы білімдерін қаншалықты меңгергенін бағалауға болатын тапсырмалар. Мысалы, 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау бөлімшесінің мақсатында көркемдеуіш құралдарды табу және қолдану берілген. Соған сәйкес мынадай тапсырмаларды орындатамын.

2.​2.​7.​1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу

3.​2.​7.​1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдеуіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

4.​2.​7.​1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану

2-сынып. Тапсырма: мәтінді оқып, сурет пен сөз тіркесін сәйкестендір. Мәтін: Ақ лақ. Менің ешкім бар еді. Сол ешкім әдемі ала мойын аппақ лақ туды. Ол лағын өте жақсы көреді. Мейірленіп қасынан шықпайды. Бір күні қатты боран соқты. “Тоңатын болды — ау” деп қораға жүгіріп барсам, лағым жоқ. Енесі лағын таппай маңырады. Сөйтсем, қу лағым қорадағы шөптің қуысына тығылып, ұйықтап жатыр.

 

 

Шөптің қуысына тығылды

 

Таппай маңырады

 

Қасынан шықпайды

 

Ала мойын аппақ

 

 Ұйықтап жатыр

Теңеу сөздерді тауып астын сыз:

                аппақ, қораға, ала мойын, шөптің, енесі, әдемі, соқты.

4-сынып.Тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жаз. Атамекен. Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей. Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар бәрі көзіңе оттай басылады.   

Жымыңдайды сөзіне мағыналас сөзді белгіле:
А) қимылдайды
Ә) жылтырайды
Б) күлімдейді
В) жарқырайды
Эпитет сөздер қатарын белгіле:
А) алыс, таныс
Ә) қиын, ұйқы
Б) тыныс алғандай, оттай, сүттей
В) суретші, тыныштық
Мәтіннің қай түріне жатады?
А) пайымдау
Ә) әңгімелеу
Б) сипаттау.
В) дәлелдеу. 

Бұл тапсырмаларды мен екі сыныппен қатар көрсетуімнің себебі, ЖББ-да оқу мақсаттарының шығыршық түрінде берілуі өте тиімді екендігін салыстырмалы түрде айтқым келді. Келесі тапсырма түрі кейіпкерлердің іс әрекетін бағалау бөлімшесі бойынша берілген оқу мақсатына бағытталған. Тапсырма: шығарманы оқып, ондағы кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін тауып, кестені толтыр.

Сұрақ

Жауап

1. Кім? Не?

 

 

2. Не істеді? Қайтті?

 

 

3. Қандай?

 

 

 

Кейіпкерлер

Басты сипаты

1

 

2

 

1

 

2

 

 

Әр бағандағы сөздер қай кейіпкерге тиісті екенін айту.

Кез болады

Қулығына басады.

Ауырып жатады.

Хал-жағдайын сұрайды.

Шомылып келуге кетеді.

Айқай салады.

Бұл кестелерді толтыру кезінде оқушы шығармадағы кейіпкерді анықтап, оның бойындағы жақсы, жаман қасиеттерге және іс-әрекетіне баға береді. 4.2.1.2 шығарманы талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу мақсатына сай «10 сұрақ» әдісімен берілген кестемен жұмысты «Өрмекші мен шыбын» мысалын оқығанда жүргіздім. Оқушылар бұл кестені толтыруда мысалға жан-жақты талдау жасайды: мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, оқиға желісін анықтайды (4.3.1.1), кейіпкерге баға береді (4.2.6.1), негізгі ойын табады (4.2.3.1), мысал келтіре отырып,өз ойын білдіреді (4.1.5.1). Тиімділігі бір кесте арқылы бір шығармаға талдау жасай отырып, бірнеше мақсатты орындайды. Бұл тапсырма қалыптастырушы бағалау ретінде бірнеше сабақтың соңында беруге өте ыңғайлы.

Осындай тапсырмалардың көпшілігін шығарманы оқудан бұрын беремін. Себебі, оқушы мәтінді немесе өлеңді оқымас бұрын нені іздеу керектігін біледі, кейбір оқушылардың мақсатсыз оқуынан арылуға болады және уақытты да тиімді пайдалануға әсері бар. Олай дейтінім, көп жағдайда оқушыларға мәтінді алдымен түсініп, іштей оқыңдар десек, олар мақсатсыз тек жүгіртіп немесе тіпті оқыған түр танытып, еш оқымай бос отыруы мүмкін.

Ал, алдын–ала тапсырма беріліп, нені іздеу керектігіне мақсат қойып берсек, олар сол сұраққа жауап іздеп отырып оқуға дағдыланады, екінші жағынан уақытты ұтамыз, үшіншіден қажетті ақпаратты белгілеп оқуға қалыптасады. Осы тапсырмалардың кейбірі оқулықтарда да бар. Біз тек сол тапсырмаларды жүйелі, тиімді, өз сәтінде қолдана алсақ, ештеңені алыстан іздеудің қажеті де жоқ деп ойлаймын. Ең қарапайым мысал, оқулықтағы мәтіннің соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалар. Тек мұғалім сол тапсырманы оқушыға қалай ұсынатынына байланысты. Мысалы, «Құмға салған сурет» әңгімесін түсініп оқу керек. Тақырып астында мәтін тақырыбына сай сурет берілген. Ал әңгіме соңында мынадай тапсырма мен сұрақтар бар:

Әбілханның атақты суретші болуына мына қасиеттердің қайсысы қажет болды? Талап, еңбекқорлық, білуге құштарлық, табандылық, төзімділік. Мәтінде білімсіз адам туралы не айтылған? Ә.Қастеевтің өмір сүрген заманы туралы не білесің? Мен осы мәтінді оқуды тапсырмас бұрын, болжау арқылы тақырып пен суретке сүйеніп әңгіменің кім туралы екеніне болжау жасатып, бірден соңындағы тапсырманы таныстырамын. Сонан кейін ғана түсініп оқуларын талап етемін. Осыдан байқағаным, оқушылар оқып отырып, түртіп алу арқылы жаңағы сұрақтарға жауап іздеп отырады.

Есінде сақтайды, тіпті болмағанда ол сұраққа жауап мәтіннің қай жерінде екенін біледі, тауып оқып бере алады. Осылайша үнемі жұмыс жасап үйренген оқушыда оқу сауаттылығы қалыптаса бастайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов PISA зерттеулерінің нәтижесіне талдау жасаған бір мәлімдемесінде: «жақсы көрсеткішті 2024 жылы нақты көре аламыз, себебі, қазіргі жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бастағын шәкірттер 7-8 жыл оқып үлгереді» деген екен.

Ол оқушылар қазіргі менің сыныбымда отырған балалар болуы әбден мүмкін. Шын мәнінде, жоғарыда айтқанымдай, осы бағдарламадағы әрбір оқу мақсаты оқушылардың функционалды сауатты болуына бағытталған. Менің ұсынған тапсырмаларымның түрлері бір ғана сызба, кестелер арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға көзім жеткен өз тәжірибемнің бір ғана бөлігі. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір мұғалім үнемі ізденісте болса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Іңкәр Камардинқызы ЖАМАЛОВА,
Ұзынғаш ауылындағы орта мектебінің
бастауыш  сынып мұғалімі, Алматы
облысының Жамбыл ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий